Маңғыстау мен Бейнеу аудандарында биыл өткен жылмен салыстырғанда мал басы өсті
26 Декабря 2020 (12:50) | 2533 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау мен Бейнеу аудандарында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов пен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров қатысты.
Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұловтың айтуынша, ауданда негізінен мал шаруашылығына басымдық берілген. Оның ішінде қой, түйе, жылқы өсіретін шаруашылықтар саны артқан.
«Аудан көлемінде 463 шаруа қожалығы бар. Оның 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 427 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтарының басым көпшілігі отбасылық негізде құрылған. Аудан бойынша мал саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл мал басы өсті. Мәселен, аудан есебінде 11 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 26 мыңдай түйе, 48 мыңдай жылқы, 126 мыңдай қой, 46 мыңдай ешкі, 4 мыңға жуық құс бар», - деді ол.
Мүйізді ірі қара саны былтырмен салыстырғанда 27%-ға өсті, түйе 0,1 %-ға, жылқы 21%-ға, қой 11%-ға, ешкі 10%-ға, құс 3,4%-ға артқан.
Ал, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров мәліметінше, ауданда 6285 бас ірі қара, 101557 бас қой-ешкі,
10337 бас жылқы, 20382 бас түйе тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда барлық мал басында 3-5% көлемінде өсім бар.
Статистикалық мәліметке сай, аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2020 жылдың қазан айында 3 307 млн. теңгеге жетті.Шағын несиелендіру бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, барлығы 511,1 млн. теңгеге 91 несие берілді.
«Ауданда 242 құдық бар, оның 77 пайызын немесе 186 құдығын халық пайдаланып жатыр. Бұл құдықтар шаруашылықтардың суға деген сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр. 2019 жылы 5 құдық қазылып, 3-нің шығынының 80 пайызы субсидия арқылы кері қайтарылды. Осы жылы қазылған 22 құдық шығынының 50 пайызын субсидиялауға өтінім берілді. Иесіз 41 құдықты коммуналдық меншікке алу шаралары жүргізілуде. Меншікке алынғаннан кейін бюджет қаражатына жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр», - деді Жалғас Теміров.
2019 жылы күн панелі, су көтеретін сорғы және электр станциясын (генератор) сатып алған 12 шаруа қожалықтың құрылғыларды сатып алуға кеткен 59,5 млн. теңгенің 47,1 млн. теңгесі субсидияланды. Биыл барлығы 41 шаруа қожалығы аталған құрылғыларды орнатып, оның 29-ның 75,6 млн. теңге қаражаты кері қайтарылды. Тағы 12 шаруа қожалығы атынан субсидиялауға өтінім берілді.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему