Жаңаөзеннің 50 оқушысы «IQanat» мектебіне түсті
23 Августа 2022 (13:22) | 1535 | Автор: Редакция
Биыл Жаңаөзен қаласынан 10-сыныпта оқитын елу оқушы үшін алғашқы қоңырау "IQanat High School of Burabay" мектеп-
пансионатында соғылады,-деп хабарлайды облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
Оқушылар жазғы демалыста уақыттарын жоғалтпай, Қазақстанның үздік инновациялық мектептерінің біріне тестілеуден өтті. Тестілеу математикалық, сыни және кеңістіктік ойлау бойынша 3 кезеңде өтті және оған Жаңаөзен қаласынан 858 оқушы қатысты.
Жаңаөзен қаласының оқушыларында еліміздің үздік мектептерінің бірінде білім алу мүмкіндігі "Өзенмұнайгаз"АҚ бастамасы мен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауының арқасында пайда болды.
Жаңаөзен қаласының оқушыларын дамытуға бағытталған бұл жобаны еліміздің Үкіметі де қолдады.
Жоба операторы "IQanat білім беру қоры" Қоғамдық қоры болды.
"IQanat" Қоры балалардың кәсіби қырынан өздерін танып, жұмысқа орналасуына, жеке басының ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға көмектеседі.
Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешектегі даму үшін қажетті дағдыларды - сыни ойлауды, эмоционалды зияткерлікті, көшбасшылық қасиеттерді, өзін-өзі ынталандыруды меңгереді.
«IQanat» мектебінің заманауи әдістемелері мен жаңашыл тәсілдемелері бойынша оқыту нәтижесінде балалардың академиялық көрсеткіштері артады, өзекті техникалық және шығармашылық IT-дағдылары қалыптасады.
Қазақстандық кәсіпкерлерінің IQanat жобасы 5 жыл бойы Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру бағдарламаларын іске асырып келеді. "IQanat High School of Burabay" мектебіндегі оқушылардың 80%-ы аудан, облыс, республика деңгейінде іріктеудің 3 кезеңінен өтіп, мектепте тегін оқу мүмкіндігіне ие болған ауыл оқушылары.
IQanat High School of Burabay мектебінің 2022 жылғы түлектерінің 86,44%-ы ҚР БҒМ-нен, Назарбаев университетінен және АҚШ-тағы, Канададағы, Түркиядағы, Литвадағы және Еуропа мен Азияның басқа да елдеріндегі шетелдік жоғары оқу орындарының шәкіртақыларынан гранттық қаржыландыру алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему