Жауапсыздықтың салдарынан жол құрылысы тоқтап тұр
Курс валют в Актау
на 24/06/2021
 
425
428.52
 
506.67
511.34
 
5.77
5.94
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
24 Июня, 20:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жауапсыздықтың салдарынан жол құрылысы тоқтап тұр

27 Сентября 2020 (15:45) | 1273 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Түпқараған ауданына қарасты Аташ елді мекенінің Б.Ақсамбаев көшесіне асфальт жабынды төсеу кезінде газ құбырының жол ортасында қалып кеткені әлеуметтік желілерде қызу талданып жатыр.

 

Мәселенің мән-жайын білу үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері әлгі ауылға 25 қыркүйек күні жұмыс сапарымен барды.

 

 

«ҚазГазТрансАймақ» АҚ-на тиесілі газ құбыры бәз-баяғыша көлік жолының қақ ортасында тұр. Б.Ақсамбаев көшесіне жаңадан жол төсеуді мойнына алған мердігер - «Бек-АктауГазСнаб» серіктестігінің жұмысшылары құбыр маңындағы асфальтты күреп тастап, жолдың екі бетіне арнайы белгілер қойған. 

 

Бұл жерде жол белгілерінің түсі заң бойынша сары түстес болуы керек. Өз кезегінде мердігер мекеме басшылығының тағы бір қателігі байқалды. 

 

"Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, техникалық қадағалау бөлімі, сондай-ақ мердігер серіктестік өкілдерімен келісімімен асфальт жолдың ұзындығы өлшеніп, бір сынама (керн) алынды.

 

 

Мұндағы мақсат – жол материалының қалыңдығына көз жеткізу. Техникалық регламент талаптарына сәйкес асфальт жабындының суып, қатуына 2-3 тәулік уақыт керек. Осыған орай келесі аптада жол сапасын бақылаушылар Аташ ауылына тағы келіп, сынамалар алуды жоспарлап отыр. 

 

-Бұл жерде кемшілік көп. Әрқайсына жеке-дара тоқсалсақ. Бұл жолды салмас бұрын жобалау кезінде көше бойынша төмен қысымды газ құбыры тұрғаны мүлдем ескерілмеген. Оны жылжыту туралы ауылды көгілдір отынмен жабдықтаушы мекемеге техникалық талаптар жіберілмеген. Жобалау жұмыстарымен "CASPIY & DIFA" серіктестігі шұғылданған. Олар жіберген олқылық газ құбырын монтаждау жұмыстарына қажет қаржының сметалық құжаттарға қосылмай қалуына әкеп соққанын көріп тұрмыз» - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау филиалының директоры Елтай Таялиев. 

 

Б.Ақсамбаев көшесіне асфальт төсеуге мердігер қызметіне тапсырыс беруші Түпқараған аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері өз қателіктерін кейін түсініп, төмен қысымды газ құбырымен түйісетін жолға тиісті талаптарды алу үшін техникалық қадағалау бөліміне хат жолдапты.

 

-«Ауылішілік трассаны салған мердігер мекеме өкілдері, сонымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері де Түпқараған аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне бірнеше рет хат жазған көрінеді. Дер кезінде тиісті жауабын алғанда бұл жағдай болмас та еді. Әкімдіктегілердің бұған немқұрайлы қарауының нәтижесі бұл. Бүгін жол ұзындығы мен оған төселген жол материалының қалыңдығын өлшеп шықтық. Алдағы күндері осы жолдың сапасын тексеру үшін бірнеше сынамалар аламыз. Нәтижесі зертханалық сараптаулардың соң белгілі болады» - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау филиалының инженері Бекмұрат Байдуллаев. 

 

 

Аташта болған келеңсіз жағдайдан кейін Түпқараған аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бастығы жұмыстан қуылып, аудан әкімі мен орынбасарына тәртіптік жаза қолданылғанын жергілікті тұрғындар айтып отыр. 

 

Жауапсыздыққа бой алдырған тұлғалардың даулы жобаны бекітіп әрі қаржыландыру, оны мақсатты игеруді заң жүзінде қаншалықты дұрыс атқарғанын құзырлы органдардың анықтары сөзсіз. 

 

 

Сурет баспасөз қызметінен 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему