Маңғыстау облысында Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады
Курс валют в Актау
на 04/08/2020
 
419.46
424.21
 
493.99
499.8
 
5.58
5.8
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
4 Августа, 04:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады

8 Июля 2020 (14:39) | 1435 | Автор: Редакция

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау кеше, яғни 7 шілдеде басталды. Құжаттарды қабылдау онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге немесе [email protected] , ұ.т: 87014742826 хабарласуға болады.

 

 

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

 

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

 

• Қазақстан Республикасының азаматы болу;

• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

• өңірде жария тұлға болу;

• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

• бизнесінің тарихы оң болуы;

• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

• Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

 

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

 

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

 

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан да алуға болады.

 

Маңғыстау облысы бойынша ұ.т: 87014742826.

 

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему