Маңғыстауда бүгінгі күнге дейін 11 186 адам коронавирус инфекциясына тексерілді
13 Мая 2020 (10:52) | 2404 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов облыстық қоғамдық коммуникация орталығы алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 11 мамырында эпидемиологиялық жағдай бойынша Маңғыстау облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған қосымша 9 адам тіркелді. Облыс бойынша 129 науқас коронавирус індетімен тіркелген. Соңғы 7 күн ішінде 55 (74,3 пайыз) науқас тіркелді.
-Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең жоғары саны Бейнеу ауданында – 37 жағдай, Қарақия ауданында – 30 жағдай, Ақтау қаласында – 29 жағдай, Жаңаөзен қаласында – 23 жағдай.
Облыс көлемінде тіркелген 129 жағдайдың ішінде:
- сырттан әкелінген – 5 жағдай (Стамбул – 1, Санкт-Петербург – 2, Астрахань – 2)
- жергілікті жағдай – 36 (оның ішінде 20-сы «ТеңізШевройл» компаниясынан келген жұмысшылар)
- қарым-қатынаста болғандар арасынан – 88 жағдай (68,2%) құрады.
Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың өсуінің негізгі себептері біріншіден, Қарақия ауданының Сенек ауылында карантин режимі кезінде жанұялық іс-шара (садақа) өткізу болып табылды. Аталған ауылдың өзінде бүгінгі күнгі 23 жағдай анықталды. Сол шарада болған адамдар анықталып, оқшауланды.
Екіншіден, Атырау облысындағы «ТеңізШевройл» компаниясында вахталық әдіспен қызмет ететін 705 өңір тұрғыны келді. Осы келгендердің барлығы зертханалық тексерістен өтіп, оның ішінде 20 адамнан инфекция анықталды.
Үшіншіден, Ресейде оқып жатқан өңірдің 154 студенті келді. Осы келгендердің барлығы тексеріліп, оның ішінде 4 адамнан инфекция анықталды.
Инфекция ошақтарында байланыста болған адамдар – 1937, жақын қатынаста – 484, потенциалдық қатынаста – 1453.
2020 жылдың 3 наурызынан бүгінгі күнге дейін 11 186 адам тексеріліп, 129 адам КВИ анықталды, – деді Ерғали Сыдыманов.
Маңғыстау облысында індеттің өршуіне байланысты және ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде кейбір объектілердің жұмыстары жанартылады: жалпы ереже бұрынғыдай. Оған қосымша: балабақшалар (тек ата-анасы жұмыстағы балалар ғана бара алады, жұмысыңыздан оны растайтын анықтама апарып беруіңіз керек) қосымша оқу орталықтары, сұлулық салондары, банк, ХҚКО, пошталар, сақтандыру компаниялары, нотариус, адвокаттық кеңселер, құрылыс дүкендері, тігін, аяқ киім шеберханалары, автокөлік жуу орындары өз жұмысын бастайтын болды.
Бұл жерлерге бетпердесіз кіруге болмайды. 1,5 - 2 метр ара қашықтықты сақтау керек. Көктемгі дала жұмыстарына да рұқсат берілді. Мекеме мен кеңсе қызметкерлеріне 50% әлі де арақашықтықта жұмыс істеу ұсынылды.
Суреттерді түсірген облыстық қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему