Маңғыстауда 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады
29 Апреля 2020 (12:05) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді.
-Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді. Кешенді жоспар шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 19 мыңға жуық адам қамтылады деп күтілуде. Оның 8 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындарымен. Сонымен қатар:
-қысқа мерзімді кәсіби курстарды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылады;
-624 азамат үшін шағын несие қарастырылған;
-635 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етіледі;
-376 адам жастар тәжірибесіне жіберілетін болады.
Кешенді жоспарды іске асыру басталып кетті және ниет білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдеріне хабарласа алад,- деді аймақ басшысының бірінші орынбасары.Ә.Қыраубаев.
Сурет қоғамдық коммуникация орталығынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему