«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдау
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 15:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдау

28 Ноября 2019 (10:42) | 2435 | Автор: Редакция

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Жанназарованың азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды.

 

 

Партиялық филиалдың кестесіне сәйкес ұйымдастырылған шараға бірқатар азаматтар арыз-шағымдарымен келді. Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің сипаты да әрқилы болды.

 

Нақтырақ айтсақ, тұрғындар мемлекеттік қызметшілерге айлық ақы төлеудің факторлы балдық шкаласы аясындағы бонустарды төлеу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері, екінші деңгейдегі банктен несие алып, төлей алмау себебінен есеп-шоттарының жабылуына байланысты көмек сұрау, атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүргендігі, денсаулығына байланысты мүгедектікті рәсімдеу, жол көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкерлерімен оқиға сызбасының қате сызылуы, жеке басын растайтын құжаттарды рәсімдеу барысында туындаған мәселелерді шешу бойынша өтініш, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жер учаскесін заңсыз рәсімдеу жүргізу сияқты мәселелермен жүгінді.

 

 

Аумақтық департамент басшысы тарапынан азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме беріліп, департамент құзыретіне кіретін кейбір мәселелер бойынша жазбаша өтініштер алынды.

 

Жұртшылықпен кері байланыс механизмін жетілдіруге бағытталған осындай қоғамдық қабылдаулар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен үндесіп, Агенттіктің аумақтық департаменті қызметіндегі басты басымдық болып табылады.

 

фото авторы Ербола Жұмабай

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему