Өңір соттары сот төрелігін электронды түрде жүзеге асыруға көшті
Курс валют в Актау
на 02/04/2020
 
392.46
397
 
445.47
451.15
 
5.45
5.72
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Апреля, 17:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңір соттары сот төрелігін электронды түрде жүзеге асыруға көшті

21 Марта 2020 (16:05) | 590 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық соты Ақтау қаласының тұрғындарының назарына мына мазмұндағы мәліметті беруімізді өтініп, хабарлама жолдапты.

 

 

Бүгінде коронавирус індеті әлем елдеріне қауіп төндіруде. Экономикасы дамыған елдердің өзі аталған індетпен күні-түні демей күресіп, вирусты жоюдың жолын іздеуде.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа коронавирустың өршуін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай деп танып, инфекцияны пандемия деп жариялады. Пандемия – бір елдің тұтас аумағын, іргелес мемлекеттерді, кейде тіпті дүниежүзінің көп елін қамтитын айрықша күшті инфекцияның таралуы.

 

Бұл індет біздің елге де жетіп, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың санының күннен-күнге артуы бүкіл халықты алаңдатуда. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 

Атап айтсақ, елімізде барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылып, қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Оқушылар демалысқа жіберіліп, студенттер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді.

 

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асановтың соттарды карантиндік талаптарды қатаң орындауға шақыруына байланысты, төтенше жағдай шеңберінде республика соттарының жұмысы ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылуда.

 

Осы орайда, денсаулығымыздың қауіпсіздігі үшін Маңғыстау облысының соттарындағы шектеулер туралы хабарлай отырып, қала тұрғындарынан, құқық қорғау және арнайы органдардан, бизнес өкілдерінен, адвокаттар мен БАҚ өкілдерінен түсіністік танытуды сұраймыз. Осы ретте сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары тоқтамайтынын, онлайн режимде талап арыз беріп, сот отырыстарына бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуға мүмкіндіктер бар екенін атап өтемін.

 

 

-Кіріс хаттарды қабылдау мен шығыс хаттарды жолдауды қоса алғанда, қағаз тасымалдағыштағы құжат айналымын барынша азайту мақсатында сотқа талап арызды, өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы беруді сұраймыз. «Сот кабинеті» сервисі және смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасын қолдану мүмкіндіктері туралы бейнероликтер «Mańǵystaý Oblystýq Soty»-ның фейсбук парақшасына орналастырылды.

 

Сондай-ақ, өңір соттарында сот төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауы төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылды. Өз өтініштеріңізді арнайы өтініштер қабылданатын жәшікке салуға және 729-1201@sud.kz электронды поштасына жолдауыңызға болатындығын хабарлаймын.

 

Мұның барлығы облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. «Бір жағадан- бас, бір жеңнен - қол шығарып» қатерлі індетті жеңуде ауызбіршілігімізді көрсетіп, бір-бірімізді қолдауымыз тиіс.

 

Өңір соттары бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары толығымен бақылауда,- деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Суреттер редакция архивінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему