Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты
19 Марта 2020 (17:31) | 2009 | Автор: Нурганым Имашева
Полиция бөлімдері мен аудандық басқармалары тұрғындардың өтініштерін қабылдауды тоқтатып, халықпен жұмыстың электрондық форматына көшті.
Төтенше жағдай және карантин режимі кезеңінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің, полиция басқармасының, сондай-ақ полиция бөлімдерінің фронт-кеңселері коронавирустың таралу қаупін азайту бойынша алдын алу шаралары шеңберінде жұмысты уақытша тоқтатты. Сiз өз өтінішiңiздi төмендегi мекен-жайлар бойынша жолдай аласыз:
Облыс департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің электрондық мекенжайы @Uvd_mang@mail.kz
Полиция басқармаларына Instagram парақшалары арқылы хабарласа аласыз:
Маңғыстау облысының полиция департаментінің паракшасы @mangistaupd
Ақтау қаласының полиция басқармасының паракшасы @up_aktau
Жаңаөзен қаласының полиция басқармасының паракшасы @janaozen _ _ polisia
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінiң паракшасы @uteshovabdurasul
Қарақия ауданының полиция бөлімінiң паракшасы @karakia_audani_polisa_bolimi
Түпқараған ауданының полиция бөлімінiң паракшасы @tupkaragan_police
Маңғыстау ауданының полиция бөлімінiң паракшасы @kuandykovrashid
Бейнеу ауданының полиция бөлімінiң паракшасы @nachalnikotdelapol
Сондай-ақ, өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады egov.kz сонымен қатар, полиция басқармалары мен бөлімдерінің ғимараттарының кіре берісінде өтініштерді қабылдауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет tengrinews.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему