Жаңаөзенде жұмыссыздықтың алдын алу – міндет
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 04:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде жұмыссыздықтың алдын алу – міндет

7 Марта 2020 (09:34) | 1234 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында облысы әкімі С. Трұмовтың қатысуымен Өңірлік кеңесі мүшелерімен кеңейтілген отырыс өтті.

 

 

-Үкімет тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігіне әлеуметтік-инвестициялық жобаларды жасақтау тапсырылған болатын. Осыған орай, Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының сатып алуларын оқшаулау арқылы кәсіпкерлік субъектілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, қорытындысында 33 компаниядан 39 жоба бойынша ұсыныс келіп түскен болатын,- деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың айтуынша, барлық жобалар бойынша инвестиция құны 25 млрд.теңгені құрайды және 1 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

 

Қазіргі таңда құны 759 млн.теңгені құрайтын екі жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылды, оның нәтижесінде 50-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Келісімшарт жасақтау сатысында 5 жоба қарастырылуда.

 

 

Барлық 39 кәсіпорын 2020-2021 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласында іске жосылып, қаланың жұмыссыздарын қайта оқыту арқылы осында орналастыру көзделіп отыр. Өндіріс орындар қатарын шыны талшықты құбырлар зауыты, электр қозғалтқыштары мен мұнай жылыту пештерін шығаратын кәсміпорындар құрамақ.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарымен Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру бойынша жобаның Жол картасы бекітілді.

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алуларына кәсіпкерлік субъектілерін тарту және оқшаулау арқылы Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамту бойынша өңірлік бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басшысы болып - облыс әкімінің бірінші орынбасары және хатшысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы тағайындалды.

 

 

Осы уақытқа дейін, аталған жұмыс тобының 5 отырысы өтіп, жобаларды жүзеге асырудағы мәселелер бойынша сұрақтар қарастырылды.

 

Шара соңында Жаңаөзен қаласының әкімдігі, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен үшжақты меморандумға қол қойылды.

 

Осы меморандум аясында "ӨзенМұнайГаз" компаниясы сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтай отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу стандарты жобасын іске асыру үшін жағдай жасауға міндетті.

 

Суреттер Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему