Ақтаулық екі оқушы  Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне грант жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 09/04/2020
 
392.46
397
 
445.47
451.15
 
5.45
5.72
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Апреля, 06:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық екі оқушы Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне грант жеңіп алды

17 Февраля 2020 (08:53) | 1199 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сағынбек Талғатұлы мен Айя Сартбаева Абу-Даби қаласындағы New York University (NYUAD) жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.

 

 

Айя – білім ордасының үздік, белсенді оқушыларының бірі. Ол білім ордасында тілдік қабілеттерін шыңдап қана қоймай «Телестудия» үйірмесіне белсенді қатысты. Сонымен қатар, түрлі жарыстарда, пікірталас клубтарына мүшелікке ие. Соңғы жылы зияткер БҰҰ Моделі клубында белсенділік танытты. Грант иегерінің сөзінше, оның мектеп өміріне, шараларға, үйірмелерге белсенді қатысуы университетке түсуге арналған сұхбат барысында үлкен көмек көрсеткен.

 

 

-Университет туралы қазан айында әлеуметтік желілерден білдім. Кейін қажетті құжаттар тізімімен танысып, кәсіби бағдар беру кеңесшісінің көмегімен жинақтадық. Өткен аптада бізді Абу-Дабиге сұхбатқа шақырды. Сол жерде 75 минутқа созылған тақырыптық эссе жазып, профессорлармен сұхбаттасып, университеттпен таныстық. Қаланы көруге де мүмкіндік жасады. Ал бүгін жауабын оқу орнына шақыру қағазы арқылы жіберді. Қуанышымда шек жоқ, - дейді Айя Сартбаева.

 

Сағынбек Талғатұлы зияткерлік мектептерінің бетке ұстар оқушыларының бірі. Физика, математика пәнінен бірнеше халықаралық олимпиадалар жеңімпазы. Сондай-ақ, робототехника мен ғылыми жобалар байқауында да бой көрсетіп жүлделі орындардан көрініп жүр.

 

Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті – АҚШ- тағы Нью-Йорк зерттеу университетінің бөлімі. 2010 жылы алғаш студенттерін қабылдаған университет бөлімі бүгінде инженерия, гуманитария-жаратылыстану бағытындағы мамандарды даярлайды. Университеттің үміткерлерден талабы өте жоғары. Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын аталған оқу орнына 144 мыңнан аса өтінім келіп түседі. Оның 4 пайызы ғана оқуға қабылданады екен.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему