Маңғыстау өңірінде мемлекеттік қызмет имиджі өзгелерге қарағанда оқ бойы озық тұр
14 Февраля 2020 (09:48) | 1816 | Автор: Нурганым Имашева
Осы және өзге де жағымды жаңалықтар өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттінің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарованың айтуынша, облыс әкімдігінде 2018 жылдың 1 қаңтарында енген факторлы-баллдық шкала негізінде жалақы төлеу мемлекеттік қызметке көптеген оң өзгерістер алып келді.
-Осы факторлы-баллдық шкала байланысты біздер мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда кадр мәселесіне талдау жасаған болатынбыз. Соның нәтижесі бойынша тоғыз оң өзгерісті атап өтуге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметтің еңбек нарығында бәсекелестікке қабілеті артқанын байқауға болады. Яғни, жеке сектордан мемлекеттік қызметке ауысушылардың саны қазір 6 есеге өсті. Мұндай көрсеткіш бұрын әсіресе мұнай өндіру және мен жеке бизнес саласында болатын еді, - деді Нұргүл Алмасқызы.
Әдеп кеңесі төрайымының сөзінше, бүгінгі таңда Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны айтарлықтай қысқарған.
-Қазіргі жағдай мүлдем басқаша, әсіресе ауылдық огругтерде санаулы ғана болатын бос орындар әкімдер сайлауынан соң толық тұрады, - дейді ол.
-2017 жылдың қорытындысы бойынша 12 пайыз болған бос орындар саны қазір 4,3-ке түсті. Ал республикада әр мемлекеттік органдағы орташа көрсеткіш 7-8 проценттің көлемінде.
Бұл ретте Маңғыстау өңіріндегі мемлекеттік мекемелерде бос орын жоқтың қасы деп айтуға толықтай негіз бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтен кетушілердің саны жыл санап екі есеге азаюының үрдісі әлі де жалғасып келеді, - деді Н.Жанназарова.
Осыдан үш жыл бұрын мемлекеттік қызметтен кетушілердің саны көп болатын. Факторлы-баллдық шкаламен жалақы төлеу тәртібі енгізілген соң мәселе оң шешімін тапқан сыңайлы. 2018 жылдан бері басқа салаға жұмыс ауыстырғандардың саны күрт азайған.
Расында да, осыған дейін ауылдық округтерде бос орындарға конкурс бірнеше рет жарияланса да, оған қатысатын адам болмаушы еді. Қазіргі таңда мұндай мәселе мүлдем жоқ деуге болады. Керісінше, бір бос орынды иеленуге ең кемі үш үміткер бақ сынайды.
-Қазіргі уақытта Маңғыстау және Мұнайлы ауданы әкімдерінің аппаратының, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына бір орынға 10-13 адамнан қатысып келеді үміткер ретінде.
Облыстағы мемлекеттік органдарда, соның ішінде әкімдіктерде қызмет атқаратын азаматтардың еңбегінің нәтижесі де жақсарғанын көріп отырмыз.
Мысалы, «Өте жақсы» деген бағаны 2017 жылы маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 7,7 пайызы ғана алған. Қазіргі көрсеткіш 19 процентке жетіп отыр, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттінің аумақтық департаментінің басшысы.
2017 жылы Маңғыстау өңірінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандар мен ҚР мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің саны бар-жоғы екеу болған. Қазір олардың қатары жетіге жетті.
Агенттіктің бастамасымен өңірде мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамалардан өткізу тәртібінің өзгергені де мәлім. Осыған сәйкес мұндай шаралар тек мемлекеттік органдарда ғана емес квазимемлекеттік секторларда да өтіп келеді. Айталық, облыс немесе аудан-қала әкімі аппаратының мамандары өзіне қарасты квазимемлекеттік ұйымдарға бағынышты органдарға барып тәжірибе түрінде жұмыстармен таныса алады. өткен жылы 38 адам осы тәртіпте тағылымдамадан өткен.
Жалпы 2019 жыл маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер үшін табысқа толы болды. Басты жаңалық - Президенттің кадр резервіне бес адам енді. Сонымен қатар, республикадағы үздік мемлекеттік қызметшілердің ондығына кірген екі азамат та Маңғыстау облысының тұрғындары. Аталған шараның ақтық сынына осы өңірден бес адам өткен еді.
Таяуда «Зор рух» деп аталатын қайырымдылық қоры республика бойынша мемлекеттік органдардың қызмет сапасына тұрғындар арасында сауалнама жүргізу арқылы мониторинг жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде, қаншама жыл рейтингтің ең соңында болған Маңғыстау облысы биыл жеті орынға жайғасты. Яғни, аймақтар арасында 10-шы орынға шықты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттінің аумақтық департаментінің басшысы брифинг соңында маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілерге үндеу жариялады. 2020 жыл Президент Тоқаевтың жарлығымен «Волонтер жылы» болып жарияланғаны мәлім. Осы тұрғыдан Агенттіктің «Игі істер уақыты» бастамасын қолдау аясында сала мамандарын арнайы орталыққа барып қан тапсыруға шақырды.
Бұл бастамаға ақпан айының басында республикалық және жергілікті БАҚ-да «Каждый донор-герой», «Доноров стало меньше» атты мақалалардың жазылуы түрткі болып отыр. Оларда республика бойынша қан тапсыру орталықтарына барушылардың, соның ішінде Маңғыстау облысында қан тапсырушылардың саны едәуір азайғаны баяндалған.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық ҚКО баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығынан және tengrinews.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему