Парасаттылық негізі – көркем әдебиетте
Курс валют в Актау
на 15/08/2020
 
416.97
421.31
 
489.33
494.76
 
5.59
5.83
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
15 Августа, 01:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Парасаттылық негізі – көркем әдебиетте

20 Января 2020 (16:20) | 854 | Автор: Нурганым Имашева

Қазіргі таңда еліміздің ертеңі - жастардың парасаттылық мәдениетін, моральдық-этикалық құндылықтарын қалыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

Келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, жас буынды адалдыққа баулу, жемқорлық әрекеттерге төзбеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында Республикамыздағы барлық білім беру орындарында 2018 жылы «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты жоба енгізілді.             Жобаның мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу дағдысын қалыптастыру.

 

Ел аумағы тұрғындарының ширегін (4,5 млн. адам) осы білім саласына қатысты адамдар тобы құрайтынын ескерсек, аталған жоба аясында жемқорлықтың деңгейін төмендетуге айтарлықтай әсер етуге болады.

 

Білім беру саласы ол жас ұрпаққа білім беріп қана қоймайды, ол жастардың рухани және мәдени дамуына жол ашады. Жас уақытта алған білім мен қалыптасқан дағды адамның бүкіл өміріне азық болатын адалдық, адамгершілік, әділеттілік, еңбекқорлық сияқты адамдық бастауына апаратын қасиеттердің қалыптасуына негіз болады.

 

 

Сапалы білім алып, өмірлік ұстанымы дұрыс қалыптасқан оқушы ер жетіп, еңбекке араласқанда қоғамның жемқорлыққа мүлдем төзбейтін, адал, саналы, парасатты мүшесі болары сөзсіз.             ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен осы жылы еліміздің барлық білім беру ошақтарында «Парасаттылық мектептері» ашылды.             Бүгінде «Парасаттылық мектептері» балалар мен жасөспірімдерді, студент жастарды адал еңбек етуге, әділдікке, таза жүріп, ақ сөйлеуге, адамгершілік құндылықтарын құрметтеуге үйрететін, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейтін орта болып отыр.             Елбасымыз өз сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс»,- деген болатын. Ендеше өмір мектебінің бір парасы - «Парасаттылық мектептерінің» берері мол.

 

Ақтау қ. №21 мектепте «Парасаттылық мектебінің» аясында білім ордасы басшысының тікелей бастамасымен заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, «Шыңыраумен» шыңға шыққан шын талант» атты байқау 6,7,8-сынып оқушылары арасында өткізілді.

 

Байқаудың басты шарты – оқушының Әбіш шығармасын түсініп оқуы, шығармадан үзінді жатқа айту, қазақы сөз орамдарын меңгеруі, өз ойын шығармамен байланыстыра отырып жүйелі жеткізе білуі.

 

Ал сайыстың мақсаты – оқушыларды көркем әдебиет оқуға қызықтыру, сөздік қорын молайтып, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу, адал еңбек, ата кәсіпті қадірлеуге баулу.

 

Бұл ерекше сайыс ағымдағы жылғы қыркүйек айында жарияланды. Желтоқсанға дейін оқушылар көркем шығарманы зерделеп оқып, шығарманың өзіне ұнаған жерінен 200-250 сөз көлемінде жатқа айтуға, шығарма кейіпкерлері мен мазмұны бойынша 15 сұраққа жауап беруге және шығарма жөнінде түйіндеген өз ойын айта білуге дайындалды.

 

 

Бас жүлдеге ұсынылған әдемі, қызыл велосипед мектептің көрнекі жеріне екі ай бұрын ілініп, байқаудың шарты қоса берілген болатын.

 

Байқау өте жоғары дәрежеде өтті. Әділқазылар құрамында «Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкер – Еңсептің прототипі Бейнеубай Құлшарұлының немере інісі, ардагер журналист, жазушы Есберген Іңірбайұлы, осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлжан Мұратбайқызы және өзім болдым. Осы игілікті істі ұйымдастырушы – мектеп директоры Гүлзада Енсегенқызы тәуелсіз сарапшы қызметін атқарды.

 

Сайысқа қатысқан 14 оқушының да шығарманы «шағып» оқығаны көрініп тұрды: туған жердің табиғи ерекшелігін, Маңғыстаудан басқа жерлерде кездесе бермейтін «құдықшы» деген кәсіптің болғанын, олардың жер астынан 100-200 метр тереңдіктен құдық қазу арқылы тұщы су көзін тауып, шөл даланы тіршілік нәрімен сусындатқанын, құдықшы Еңсептің өмір тарихын оқушылар жарыса айтып, қазылар алқасын таң қалдырды.

 

Ең бастысы – оқушылар көркем шығармадағы адал еңбекті, қазақы салт-дәстүрді, ата кәсіпті қадірлеуді, туған жерге, туған-туысқа, Отанға деген махаббатты жан-жүрегімен түйсініп сезінгені анық.

 

Сайыс соңында бас жүлде – велосипед – өзгелерден оқ бойы озып шыққан осы мектептің 8 "в" сынып оқушысы Қамай Ақкерімге бұйырды.

 

Сонымен бірге 6 "ж" сынып оқушысы Орынғалиев Аманиязға 1-орыны үшін ұялы телефон, 2-орын алған 8 "д" оқушысы Ниятиллаев Асхатқа караоке микрофон, 3-орынға ие 7 "е" сынып оқушысы Сәбит Саидаға флешка табыс етілді.

 

Көркем әдебиет оқудан өткен бұл сайыста ешкім де жүлдесіз қалған жоқ. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ретінде Әбіш Кекілбаевтың "Сыр дестесі" атты кітабы табысталды.

 

Мектеп ұжымы осындай ерекше байқауды ұйымдастыруға ұйытқы болған демеушілер Қанайұлы Ерболатқа және "Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика" бірлестігіне алғысын білдірді.

 

 

Үлкен де, кіші де ұялы телефонға үңілген бүгінгі заманда оқушылардың сөздік қорын молайтатын, адал өмір сүруге үйрететін, білім мен танымға толы кітап әлеміне бет бұрғызатын осындай шаралар көбірек өткізіліп тұрса, бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Әскери-патриоттық жастар жиынында: «Өмірде ең бастысы – адамдық, парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық»,-деп атап өткендей, оқушылар арасында осындай шаралар көбейе түссе елін сүйетін адал да саналы азаматтарымыздың қатары бұрынғыдан да артары сөзсіз.

 

Биыл 2020 жылы әйгілі ғалым Шоқан Уәлихановқа – 185 жыл, Ұлт кемеңгері Абай атамызға – 175 жыл, айтулы ақын Жұбан Молдағалиевке – 100 жыл, танымал жазушы Әнуар Әлімжановқа – 90 жыл, ақын Қадыр Мырзалиевке – 85 жыл, еліміздің әнұранын жазған біртуар ақын Жұмекен Нәжімеденовке – 85 жыл болады екен.

 

Осындай айтулы күндер қарсаңында мектептерде, колледждер мен университеттерде кітап оқудан, яғни ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша қызықты сайыстар өткізілсе, жастар жағы ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен етене танысып, ал аға буын өкілдері қайталап оқып, қазақ халқының ұлт болып ұйысуына сеп болған сан алуан туындылар сананы сілкіп, рухани байып қалатынымыз сөзсіз. Ата-бабалар рухы да риза болып, тіріге де, өліге де сауап болар еді-ау!

 

Өлкемізде ұрпақ тәрбиесін ең бірінші жолға қоятын, парасатты да дәулетті азаматтарымыз баршылық, міне, солардың құлағына алтын сырға.

 

Ұрпағымыз саналы, қоғамымыз парасатты болсын десек, осы секілді ерекше шаралар көп болса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Нұргүл Мұқатай

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасы

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему