Борышкерлерге ықпал етпек
13 Февраля 2018 (21:48) | 2128 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік Полиция Басқармасы ағымдағы жылдың 12 мен 16 ақпаны аралығында облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдар, сот және прокуратура өкілдері, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
- Әр тоқсан сайын өткізілетін іс-шараның мақсаты - 2017 жылдан мемлекет есебіне өндірілмей қалған ІІО-мен салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтап, сот органдары қаулысымен автокөліктерді арнайы айыптұраққа қамау, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлету және құқық бұзушылардың мекен-жайларына айыппұл төлеу қажеттігі туралы хат-ескертулер тарату.
Іс-шара барысында облыс және аудан орталықтарының автожолдарында мүдделі қызмет өкілдерінің қатысуымен рейдтік шаралар жүргізіліп, жұмыс нәтижесі БАҚ беттеріне күнделікті жарияланады.
Өткен жылы облыс бойынша ІІО-мен әр түрлі құқық бұзушылыққа салынған 272 млн. 036 мың 423 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл өндірілмей қалған.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында әкімшілік құқық бұзушылықтарға 53 млн. 428 мың 861 теңгеге айыппұл салынып, оның 26 млн. 252 мың 443 теңгесі мемлекет есебіне өндіріліп, өндіру көрсеткіші- 49,14%-ды құрады,- деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік Полиция Басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Құрмантаев Сүйін.
Оның айтуынша, «Қазіргі уақытта азаматтардың «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі 12 банктің («АТФ Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ForteBank» АҚ (құқық иеленуші «Альянс банк» АҚ)және «Қазпошта» АҚ кассалық-есептеу бөлімдерінде айыппұл төлеу мүмкіндігі бар».
Cуреттер yandex.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему