Маңғыстауда жас кәсіпкерлер форумы өтті
Курс валют в Актау
на 18/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
18 Ноября, 03:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жас кәсіпкерлер форумы өтті

25 Декабря 2019 (14:10) | 2280 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында "Атамекен" ҰКП аудандық филиалы мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлер форумы өтті.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының "Атамекен" ҰКП филиалының  баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Форумға 65 жас кәсіпкер қатысты. Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров ауданның кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін жас кәсіпкерлерге Алғыс хат табыстады.  

 

Ал, "Атамекен" ҰКП Бейнеу аудандық филиалының директоры Роллан Ережепов:

 

-Қоғамның негізгі қозғаушы күші-жастар. Биылғы Жастар жылы жас кәсіпкерлер де ерекше қолдауды көрді. Түрлі гранттар алып, кәсіптерін ашты. Бұл форум жастарға серпін беру, ынталандыру, бизнес жайлы білімін жетілдіру мақсатында өтіп отыр. Шарада марапат та, мақтау да, құрмет те, ең бастысы қажетті ақпарат пен таптырмас білім жас кәсіпкерлерге беріледі. Биылғы жастар жылын толағай табыстармен аяқтағалы отырмыз,- дейді.

 

Сонан соң ауыл іскерлерімен етене қызмет етіп, қолдау білдіріп отырған кәсіпкерлер палатасының Бейнеу аудандық филиалының қызметкерлері үздік жобаларды сүйемелдеуші Меруерт Питегенова, үздік менеджер кеңесші Әділбек Туғанбаев, үздік сервис менеджер Айнұр Сақтағанова деп танылып, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

Шарада "Үздік жас кәсіпкер" конкурсының жеңімпаздары да анықталды. Солардың бірі - Нұрсұлу Эбишиева. Бала кезден әсемдікке құмар ол биыл жеке сұлулық салонын ашты. 29 жастағы кәсіпкер 16 жасынан шаш қиып, нәпақа тауып келген. Қазір әмбебап шебер. Көп балалы аналарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге қайырымдылықты жиі жасайды.

 

 

"Үздік жас кәсіпкер" конкурсының жеңімпаздарын анықтау 5 аталым: ауылшаруашылығы, қызмет көрсету, тамақтандыру, сұлулық салоны және қолөнер салалары бойынша  сарапқа салынды. Үздіктер арнайы диплом және сыйлықтарға ие болды.

 

Форум барысында биыл өңірде жүзеге асқан "Zhas Project" жобасы жөнінде аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Тұралы Жолышов айтып өтті. Одан әрі "Капитал" қаржылық сауаттылық мектебінің негізін қалаушы, бизнес-тәлімгер, кәсіпкер Айболат Айтқали арнайы шеберлік сабағын өткізді.

 

Шара соңы арнайы ұйымдастырылған лоторея ойынымен жалғасып, жеңімпаздарға жас кәсіпкерлер ұсынған ұтыс сертификаттары табысталды.

 

Суреттерді түсірген "Атамекен" ҰКП Бейнеу аудандық филиалының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему