Журналистер мен блогерлерге арналған шахмат турнирі Астана мен Алматыда өтеді
12 Ноября 2025 (14:08) | 2178
|
Автор: Редакция
2025 жылдың 22 қарашасында БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған “Қос шаһар кубогы 2025” атты шахмат турнирі өтеді. Іс-шара Астана мен Алматы қалаларында қатар ұйымдастырылады.
Шахмат Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі. 2024 жылы қазақстандық шахматшылар халықаралық деңгейдегі жарыстарда 160 медаль иеленіп, рекорд орнатты. Оның ішінде – 55 алтын, 54 күміс және 51 қола марапат бар.
Шахматты одан әрі насихаттау мақсатында Қазақстан шахмат федерациясы/KazChess және шахмат Telegram-каналы Chessno Говоря 2025 жылдың 22 қарашасында БАҚ өкілдері арасында “Қос шаһар кубогы 2025” турнирін өткізеді. Турнир Бүкіләлемдік ақпарат күніне (26 қараша) орай ұйымдастырылған.
Жарыс Астана мен Алматыда бір уақытта өтеді.
Әр қалада бірінші орынды иеленген ойыншылар Кубоктың финалында кездеседі, ал қалалық нәтижеде екінші орын алғандар қола жүлде үшін сынға түседі. Матчтар Lichess.org платформасында өтеді.
Формат: швейцар жүйесі бойынша – 7 тур
Уақыт бақылауы: рапид 10+2
Қатысушылар:
* БАҚ өкілдері (журналистер, редакторлар, фотографтар, бейнеоператорлар);
• аудиториясы кемінде 3000 жазылушысы және соңғы 3 айда 15 жарияланымы бар блогерлер;
• 2025 жылдың 1 қазанына дейінгі FIDE рейтингі 2025-тен аспайтын ойыншылар.
Жүлде қоры – 1 500 000 теңге.
Толық ереже мен тіркелу: mediacup.kazchess.kz
“Қос шаһар кубогы” турнирі биыл екінші рет өткізілмек. Өткен жылы жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан 78 БАҚ өкілі мен танымал блогерлер қатысқан болатын.
Турнир ұйымдастырушылары: Қазақстан шахмат федерациясы/KazChess және шахматтық Telegram-канал Chessno Говоря. https://t.me/chessnokz
Бас ақпараттық серіктес – республикалық экономикалық “Деловой Казахстан” газеті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz




