Қарақия кәсіптік колледжі көкөніс өсіруде гидропоника әдісін қолданады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақия кәсіптік колледжі көкөніс өсіруде гидропоника әдісін қолданады

20 Апреля 2023 (18:00) | 1905 | Автор: Редакция

Қарақия кәсіптік колледжі өсімдіктер мен көкөністерді топырақсыз суда өсіру тәсілін бастады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика бойынша гидропоника техникасын қолданып отырған өндіріс ошақтары мен оқу орындары санаулы. Соның бірі Құрық ауылында орналасқан Қарақия кәсіптік колледжі.

Облыс бойынша да алғашқы гидропоника өсіру тәсілі Қарақия кәсіптік колледжінде ашылды. Ол үшін арнайы кабинет жабдықталды. Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері Тараз қаласынан тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығының 3-курс студенттерімен бірлесе отырып, тәжірибе жүзінде жұмыстарын бастады. Гидропоника әдісі өте тиімді. Бір қалыпты климатта, минералдарға бай өнімді алуға болады.

Бүгінгі күні қияр, шпинат, құлпынай, аскөк, ақжелкен көкөністері өсірілуде және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Алғашқы өнімді алу биыл маусым айына жоспарланып отыр дейді колледж мамандары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему