Медициналық сақтандыру қоры медицина ұйымдарына 697 млрд теңге қаржы төледі
28 Сентября 2019 (13:04) | 2304 | Автор: Нурганым Имашева
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (ӘМСҚ) КЕАҚ Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 697 млрд теңге төледі.
Бұл туралы Қордың Маңғыстаудағы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-2019 жылдың 8 айында республиканың медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халыққа көрсетілген қызметтер үшін аударылған қаражат көлемі 697 млрд теңгені құрады, - делінген хабарламада.
-Ал Қордың Маңғыстаудағы филиалы биыл 8 ай ішінде медициналық ұйымдарға аталған қызмет үшін 19 млрд 606 млн теңге шамасында қаражат бөліп отыр, - дейді Қордың Маңғыстаудағы филиалының бөлім басшысы Өтекеева Бибатпа
Айта кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалы халыққа тегін медициналық көмек көрсететін 51 медициналық ұйыммен келісім шарт орнатқан, оның ішінде 25 жеке меншік мекеме бар.
Медициналық сақтандыру қоры (МСҚ) 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.
Суреттер bmcudp.kz және vlast.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему