77,3 мың маңғыстаулықтың 2 млрд теңгеден аса қарызы бар
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 23:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

77,3 мың маңғыстаулықтың 2 млрд теңгеден аса қарызы бар

2 Августа 2019 (12:20) | 1878 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен Қазақстанда жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау процессі басталды. Яғни, бұл дегеніміз борышкерлерге есептелген барлық өсімпұлдар алынып тасталады. Бұл үшін мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгініп, не болмаса өтініш-арыз жазудың қажеті жоқ. Мекеме мамандарының өздері жеке тұлғалардың дербес шоттарына бақылау жасай отырып және негізгі қарыздарын төлеген сәтте жиналған өсімпұлды автоматты түрде алып тастайды.

 

 

Айта кетер болсақ, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикамызда салықтық берешегі бар 1 миллион 400 жүз мың жеке тұлғада анықталды. Олардың қарыздарының жалпы көлемі – 21 миллиард теңгеге жуық. Оның үштен бір бөлігі – қосылған айыппұлдар болса, барлық салық берешектерінің 70%-ы автокөліктерге тиесілі. Ал, қарыздарын өтеп қойғандарға салықтық рақымшылық аясында артық төлем қайтарылады.

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Ерлан Өтеев: «Әрине, тұрғандардың көпшілігі белсенді, жауапкершілігі мол, адал азаматтар деп айтуға болады. Көптеген азаматтарымыз аталмыш заңның қабылданғанын күтпей-ақ, берешектерін өсімпұлдарымен бірге өтеп тастаған анық. Біз осындай жауапкершілігі бар тұлғалардың өсімпұлдарын қайтарамыз. Қазіргі таңда, аталмыш тұлғалардың саны мен шамасы анықталып, нақтыланып жатыр. Олар негізгі қарыздарына қосып төлеген өсіпмұлдарын қайтарып алу үшін бізге өтінім береді. Кез-келген қайтарым өтініш арқылы ғана жүзеге асырылады. Бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта есептен шығару әлі жүргізілмегенін ескере кету қажет, өйткені есептен шығару ережелері жасақталуда. Ережелер тіркеуден өткеннен кейін ғана Мемлекеттік кірістер органдары есептен шығаруды ұймдыстыра бастайды. Осы тұрғыда департаментте және аудандық бөлімшелерде тиісті комиссиялар құрылды. Ереже бекітілген сәттен бастап есептен шығару бірден жүргізіледі», - деді.

 

Сұрақ: - Маңғыстаулықтардың мемлекетке берешегі қанша және салықтық рақымшылыққа қаншасы ілігеді?

 

Е.Өтеев: - Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметтер бойынша Маңғыстау облысында 77,3 мың жеке тұлғаның 2 млрд теңгеден астам қарызы бар екені анықталды.

 

Сұрақ: - Негізгі қарызды қашанға дейін өтеу ұсынылады?

 

Е.Өтеев: - Еліміздің кез келген азаматы салық бойынша берешегінің өсімпұлын жоюға қатыса алады. Ең бастысы мемлекет алдындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеуі қажет.

 

 Сұрақ: - Қарыз салықтық рақымшылық енген күнге дейін өтеліп қойған болса, төленген өсімпұлды қайтарып алуға бола ма?

 

Е.Өтеев: - Егер осы жыл ішінде және салықтық рақымшылық енбегенге дейін барлық қарыздар, соның ішінде негізгі қарыз бен өсімпұл да төленген болса, онда төленген өсімпұлды қайтарып алу мүмкіндігі жойылмайды. Ол үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына жүгініп, өтініш жазуы керек.

 

Сұрақ: - Ал, егер салық органына барып, арыз жазуға мүмкіндік не уақыт болсмаса ше?

 

Е.Өтеев: - Салықтық рақымшылық жасау аясында жеке тұлғалар үшін өсімпұлдарды қайтарып алу уақытын жіберіп алсаңыз, бұл мәселеде алаңдауға еш негіз жоқ. Артық ақша ешжерге жоғалмайды. Жеке шотта алдағы төлемдер үшін сақталады.

 

Сұрақ: - Аталмыш салықтық рақымшылық жасаудың мақсаты неде?

 

Е.Өтеев: - Бұл жерде екі негізгі нысанаға алынған мәселені айтуға болады. Біріншісі – мемлекет ел азаматтарынан қаржылық ауыртпалықты алып тастағысы келді. Екіншісі – халықты негізгі қарызын өтеуге ынталандыру болып отыр. Сонымен қатар, ел бюджеті бұл салықтық рақымшылықтан қаражат жоғалтпайды. Себебі, бюджетті жасақтау кезінде өсімпұлдар есептелмейді.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың салықтық берешектері есептен шығарылады. Алайда, он бес жылдан астам уақыттан бері тіркелген кәсіпкерлік қызметтегілердің қарыздары емес.

 

Құрметті Маңғыстаулықтар осы мүкіндікті пайдаланып, Сіздерге Асығыңыз, рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатынын қаперіңізге беремін!

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

#mańǵystaumkd

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему