Ақтауда татуластыру орталығы ашылды
8 Июля 2019 (13:51) | 2882 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласында бір терезе арқылы қызмет көрсететін «Құқық қорғау қызметтері орталығында» «Татуластыру орталығы» ресми түрде ашылды.
Ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, облыс прокуроры Ерлан Абаев, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина және судьялар мен құқық қорғау органы өкілдері қатысты.
Іс-шарада сөз алған Ержан Даулиев бұл өңірде ашылып отырған бесінші татуластыру орталығы екендігін айтып, қатысушыларды татуластыру рәсімдері бойынша белсенді жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер арасындағы дауларды, азаматтық, еңбек, отбасы дауларын медиация арқылы шешудің тіимділігін жеткізді.
Одан әрі Ерлан Абаев аталған орталықтың азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп отырғанын атай келе, ендігі жерде мұнда келген азаматтарға дауларды шешудің тиімді жолдарын ұсынатын татуластыру орталығының қызмет көрсетуі үлкен жетістік екенін айтты.
-Аталған орталық азаматтарды қабылдау және олармен жұмыс істеуге қажетті бүкіл инфрақұрылымдық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта құқықтық мәселемен жүгінген азаматтарды тәжірибелі медиаторлар, заңгерлер, прокурорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері қабылдайды,- дейді осы мәліметті біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему