Арыс қаласының 150 баласы Каспий жағалауындағы лагерлерде тегін демалады
Курс валют в Актау
на 22/10/2019
 
385.7
391.67
 
432.47
436.82
 
6
6.17
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
22 Октября, 10:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Арыс қаласының 150 баласы Каспий жағалауындағы лагерлерде тегін демалады

4 Июля 2019 (11:38) | 1305 | Автор: Нурганым Имашева

Шілденің 16-30 аралығында Ақтаудағы «Балдәурен» балалар лагерінде Арыс қаласының 50 баласына, «Алау» лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарлануы жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі  Серікбай Трұмов хабарлады.

 

 

Облыстың мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды,- деп мәлімдеді.

 

 

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбіловтың айтуынша, «Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар «Жастар» ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» және «Біз адамбыз-Біз біргеміз» қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылып, 8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілген.

 

 

Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда».

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему