Маңғыстаулық тәртіп сақшылары тұрғындарға ″Жолда қабылдау″ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 06/07/2020
 
402.28
406.87
 
451.83
457.59
 
5.64
5.88
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Июля, 04:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары тұрғындарға ″Жолда қабылдау″ұйымдастырды

17 Июня 2019 (11:36) | 771 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «14 маусым күні Ақтау қаласының аумағында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді.

 

 

Шара екі жерде - 14 шағын аудан "Астана" сауда орталығының алдында және 7 шағын аудан "Мәңгілік алау" монументі жанында өтті. Сондай-ақ, акция департаменттің Facebook және Instagram ресми сайттары арқылы тікелей эфирде жүргізілді. Бұл іс-шараға департамент басшысы Қанат Даниярұлы Таймерденов және ӘПБ, ЖПҚ, Көші-қон қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты».

 

 

-Азаматтардың көптеген сауалдары көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, жол белгілерін жаңарту, айыппұлдар төлеу туралы болды. Тек әлеуметтік желілерде қойған сұрақтарға ғана жауап беріліп қоймай, қауырт желі арқылы түскен сауалдарға да жауап берілді.

 

Акциямен қатар, учаскелік полиция инспекторлары шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Мәселен, жаяу жүргіншілер өткелін орнату туралы өтінішімен қала тұрғыны облыстық ПД бастығына жүгінді, бұл мәселе шет қалған жоқ.

 

 

Қанат Даниярұлы тұрғынмен бірге 14 шағын аудан "Нейрон" жеке емханасының жанындағы қиылысқа барып, жол белгілерін және жасанды кедір-бұдырлықтарды орнатуға нақты нұсқаулар берді,-деп мәлімдейді ПД баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген ПД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему