Істерді медиация жолымен шешу Маңғыстау облысының соттарында төмен дәрежеде болып отыр
27 Февраля 2017 (17:21) | 2000 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ғабит Бастаубаевтың мәлімдеуінше, «Азаматтық іcтер бойынша, Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген бірінші саты соттарына 2016 жылдың 12 айында 1231 іс, 21464 талап-арыз түсіп, барлығы 22 695 іс пен талап-арыздар тіркелген.
Есептік кезеңде аяқталған азаматтық істердің саны ұлғайған (2015 жылдың 12 айында – 18807). Өткен жылы облыста 20 039 азаматтық іс өндірісі аяқталса, оның ішінде 12 663 (63,19%) азаматтық іс мемлекеттік тілде қаралған.
Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы есепті мерзімде барлығы – 1161 (2015 ж. – 1190) іс қарады».
-Маңғыстау облысында шетелдік 12 инвестор компания тіркелген. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы компаниялардың қатысуымен 12 азаматтық істер қаралған. Бұл істер бойынша дау мөлшері аз сомаларға қатысты, атап айтқанда 5 миллион тенгеге дейінгі даулар.
2016 жылы Маңғыстау облысының соттарымен барлығы 16 105 адамға қатысты 16 041 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аяқталды. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда қаралған әкімшілік істер саны 786-ға азайған.
Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қарауына 285 әкімшілік іс түсті (2015 ж. - 205 іс түскен).
Істерді бейбіт келісім, оның ішінде медиация жолымен шешу Маңғыстау облысының соттарында төмен дәрежеде болып отыр. Бұл тұрғыда облыстық сот тарапынан атқарылған жұмыс тиісті дәрежеде. Соттар көптеген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт–насихаттар жүргізіп келеді.
Медиаторлардың қатысуымен облыс соттарында 924 іс, оның ішінде судья медиаторлардың қатысуымен 493 азаматтық іс қаралған.
Маңғыстау облысының соттары дауларды медиация жолымен шешуден республика соттары қатарында соңғы орындардан көрінуде. Сондықтан БАҚ өкілдеріне айтарымыз – халық арасында медиацияның пайдасы, маңызы туралы насихат жұмыстарын жүргізуге атсалысуды сұраймыз, - деді Ғабит Балтабайұлы.
Апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ғабит Бастаубаевтың айтуынша, «Маңғыстау облыстық соты мен әкімдік, қоғамдық ұйымдар арасында татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша, оның ішінде өңірлерде әкімдіктер жанында медиация кабинеттерін ашу туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Ақтау қаласы «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» ғимаратында, Жаңаөзен қаласының АХАЖ ғимаратында, Қарақия ауданы Құрық ауылында «Нұр-Отан» ғимаратында және Бейнеу ауданы әкімдігінің жанынан, Түпқараған ауданында «Нұр-Отан» партиясының ғимаратында, Мұнайлы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы жанында медиатор кабинеттері ашылған».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему