Бақытты отбасы – бақытты балалық шақтың кепілі
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 13:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бақытты отбасы – бақытты балалық шақтың кепілі

20 Мая 2019 (16:25) | 6372 | Автор: Нурганым Имашева

Отбасы – сүйіспеншіліктің құрмет пен ынтымақтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. «Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың ролі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек.

 

 

Ақтау қаласындағы №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде халықаралық отбасы күніне орай, «Бақытты отбасы –бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

 

Шара шымылдығын мектептің өнерлі өрендері өз өнерімен ашты. Экраннан мектептің әр сыныбында өткізілген түрлі шаралар туралы бейнероликтер сыр шертіп тұрды. Мектепте өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесі», 10 «б», 7 «б» сыныптарында ұйымдастырылған Қайырымдылық акциясы, түрлі пәндік сайыстардан, спорттық жарыстардан жүлделі орын алған мектеп оқушыларының марапатталу сәттерінен, мектептің жыл бойғы жетістіктерінен үзік сыр шертіліп жатты. Ұстаздардың да, шәкірттерінің де еңбектеріне дән риза болдық.

 

Салтанатты жиналыста мектеп директорының міндетін атқарушы Самат Жүзбергенов өз сөзінде мектепте атқарылып жатқан игі істерге жан-жақты тоқталды.

 

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Жасақова, мектептің бастауыш сыныптың оқу ісінің орынбасары Орынкүл Салтанатова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Құттыбай сөйлеп, оқу жылы басынан бері атқарылып келген істерге тоқталып, мектеп оқушыларының жетістіктерін сөз етті.

 

 

Мемлекетіміздің дамуына, өркендеп өсуіне үлес қосатын болашақ негізі әр отбасының жемісі екенін негізге ала келіп, әртүрлі пәндік сайыстардан, спорттық жарыстардан жүлдегер атанған шәкірттер және өнегелі ұрпақ тәрбиелеп мектеп өміріндегі іс-шараларға араласып, байланыс орнатып, баласының болашағына жауапкершілікпен қарайтын үлгілі ата-аналар Марал Кезбаева, Маржан Есентурлиева, Дана Мыңбаева, Айнұр Тұрақбаева, Гүлмира Каналина, Гүлия Каналина, Гүлнар Шамкеловалар марапатталды.

 

Жиналысқа облыстық сот орындаушысының ардагер қызметкері Гүлжахан Иманғалиева, Ақтау қаласының полиция басқармасы, жергілікті полиция қызмет бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрлан Рахаев, Ақтау қалалық дамыту орталығы қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің әдіскері Динара Аманжолова.

 

Маңғыстау облыстық ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің жетекшісі Сәния Саталиевалар қатысып , сөз сөйледі.

 

Ата-аналармен кері байланыс жасалып, олар өздерінің ұсыныс-пікірлерін жазып қалдырды.

 

Шара барысында сөз сөйлеген ата-аналар мектептің ұстаздарына алғыс білдіре отырып, мектепті көгалдандыру мәселесіне үлес қосатындықтарын білдірді.

 

 

Бала – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі тұлымшағы желбіреп, гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің бір-бір тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жеріміздің иесі.

 

Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер. Олай болса, әрбір ата-ана осы өнерге өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

 

Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргесі – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.

 

Пернегүл ҚАРЖАУБАЕВА,

ата-ана,

№20 мектеп,

Ақтау қаласы

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему