«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының  кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 15:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

20 Апреля 2019 (09:27) | 2481 | Автор: Нурганым Имашева

Конференция облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті. Өз сөзінде Ералы Лұқпанұлы, наурыз айында елімізде қоғамдық-саяси үлкен өзгеріс болғандығын, Елбасының өз өкілеттілігін тоқтату жөнінде қабылдаған шешімінің тарихи маңызы зор екендігін және бүгінгі конференция Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII съезінде жүктеген тапсырмаларына және еліміз үшін өте маңызды шара – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Үндеуіне байланысты өтіп отырғандығын айтты.

 

 

Конференцияда Ералы Тоғжанов, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Елубай Жақайұлы Әбіловты көпшілікке таныстырды.

 

Ол 1962 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2002-2017 жылдар аралығында Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен қаласының әкімі болып қызмет жасаған. Соңғы жұмыс орны Маңғыстау облыстық мәслихатының аппарат жетекшісі. Ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен Елубай Әбіловке жаңа қызметінде сәттілік тілеген әкім, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы жүктеген партиялық жобаларды жүзеге асыруға күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдірді.

 

Конференцияның өкілеттілік нормасына сәйкес 27 351 партия мүшесінен 200 делегат сайланып, олар толық қатысты.

 

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

 

 

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың ақпан айында өткен съезде инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды, перспективалық ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобаларын жариялап, жаңа міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова баяндама жасады.

 

Оның айтуынша, аталмыш партиялық 4 жоба туралы 11-13 сәуір аралығында 158 бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары мен 7 аумақтық филиалдардың конференцияларында кеңінен түсіндірілген.

 

«ХАЛЫҚҚА КӨМЕК» жобасы

 

Оның аясында өңірдегі қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жанынан 8 бірыңғай әлеуметтік терезе ашылды, онда әр азамат өзіне ыңғайлы тәсілмен (келу, call орталық, электрондық пошта арқылы, әлеуметтік желі арқылы) өтініш білдіре алады. Әр қабылдау бөлмесінде мобильдік топтар құрылған, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес өкілдері кірді. Өтініштер «осы жерде және қазір» принципімен қаралады. Қабылдау уақыты таңертең сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін. Осы кезең дейін қабылданған арыз-шағымдар саны – 464. Оның ішінде баспана жөнінде – 210, жұмыссыздық – 48, пособия туралы – 198, қалғаны – 8 (денсаулық, квота, портал).

 

 

Көп балалы және әлеуметтік қиын жағдайдағы отбасыларға облыстық, қалалық, мәслихат депутаттары, «Берекет-Ф» ЖШС – 40 отбасына, «Біз адамдар-біз біргеміз» қайырымдылық қоры – 50 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, «Берекет-Ф» ЖШС 180 отбасына 20 пайыз жеңілдікпен «Ақ НЕК» өнімдерін алуға сертификат берді.

 

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» жобасы

 

Оның аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған Балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобын жасақталып, жұмыс жоспар бекітілген. Құрамында мемлекеттік органдардың, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның белсенді азаматтары және блогерлер бар. «Nur Otan» партиясының «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы бойынша өңірлік ведомствоаралық сараптама тобы құрылды. Аталған топ өңіріміздегі 134 мектептің 93-не мониторинг жүргізген. Бұл жұмыс әліде жалғасын табады.

 

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» жобасы

 

Жобаның мақсаты – ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қызметін жаңғыртуға және олардың өмір сапасын жақсартуға жастардың белсене қатысуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Биыл өңірде жалпы 3 коворкинг орталығы ашылады. Соның ішінде Мұнайлы ауданында ашылды. «Мектеп спортзалын жаңғырту» жобасы бойынша өңірде 5 мектептің спорт залы жаңартылады. Ақтаудағы – 3 мектеп, Мұнайлы ауданы бойынша – 2 мектептегі спорт залдар жаңғыртылады. Екінші – ауылды кадрмен қамтамасыз ету. Қолдау шараларын жақсарту есебінен «Дипломмен ауылға» жобасының аясында 500 мамандарды тарту жоспарланған. Үшінші – ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту. Ағымдағы жылы 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Тағылымдама қорытындысы бойынша кем дегенде 500 жасты ірі шаруа қожалықтарына жұмысқа орналастыру, агро-өндірістік кешен саласында кемінде 200 жастар жобасын іске қосу жоспарланған.

 

«ҚҰТТЫ МЕКЕН» жобасы

 

Жобаның мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылау. Осы мақсатта үш деңгейлі бақылау жүйесі құрылды. Яғни аудандар мен қалалар деңгейінде мониторингілеу топтары жұмыс істемек. Олар тікелей объектінің өзінде бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар облыс деңгейінде мәслихаттардағы депутаттық фракциялар, партиялық бақылау комиссиялары және өзге партиялық органдар қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізеді, сонымен қатар жағдайға талдау жасап, жергілікті сипаттағы ұсынымдар әірлейді. Тағы бір маңызды мәселе, орталық деңгейде жобаның іске асу барысы туралы мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардың есебі тыңдалады және партияның республикалық масштабтағы ұстанымы әзірленеді.

 

 

-Осылайша, жергілікті жердегі, ауылдардағы, аудандардағы және қалалардағы біздің партияластарымыз тұрғындардың азаматтық белсенділігін ынталандыру, азаматтарды әлеуметтік маңызды іске тарту үшін мүмкіндік алады. Лауазымды тұлғалардың арасында сыбайлас жемқорлыққа, ұрлыққа, немқұрайлылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жағдайлары жасалады. Бұл дегеніміз – бюджет қаражаты мақсатты жұмсалмақ. Халық белгіленген мерзімде сапалы жолға, тұрғын үйге, коммуникацияға, өзге де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді, - деді өз баяндамасында Звира Есбергенова.

 

Өз сөзінде Ералы Тоғжанов, Партия төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының ХVІІІ-ші съезінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән бергендігін еске салып, облыстық филиал осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі тиіс деді және келесі мәселелерге назар аударды.

 

Біріншіден. Елбасының әлеуметтік саясатын жүзеге асыру «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жіті назарында болуы тиіс. Осы орайда облыс әкімдігі бекіткен Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын сапалы орындау маңызды. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» атты партиялық жобаларға айрықша мән беруіміз керек.

 

Екіншіден. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудепартия жеке сектормен бірлесе отырып кешенді түрде жұмыстар жүргізсін. Сондай-ақ, өңірімізде жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыруға белсенді ат салысу қажет.

 

Үшіншіден. Әлеуметтік төлемдерді көбейтіп, жәрдемақыларды өсіру үшін, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Елбасының тапсырмасына сәйкес,бюджеттің әр тиыны халыққа жетуі керек. Осы орайда партия филиалы қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс.

 

Төртіншіден. Қоғамдық қабылдаулардың жұмысын ширатуды тапсырамын. Партия филиалыазаматтардың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді түрді ат салысуы тиіс. Бүгінде қоғамның көкейкесті мәселелеріне дер кезінде жауап беру өте маңызды. Бұл мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылатын жұмыс. Бұдан бөлек, Партия филиалы халықпен тығыз, әрі ашық жұмыс жасауды жалғастыруы тиіс. Осы орайда әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын қолға алып,интернет ресурстарында белсенді жұмыс істеуі керек деп есептеймін. Өзім де әлеуметтік желілерде жеке парақшаларымды аштым. Халықтыалаңдатқан өзекті мәселелерге қатысты жедел пікір білдіріп, елімізде болған кез келген өткір де, өзекті мәселелерге бірден назар аударып, олардың оңтайлы шешілуіне бар күш-жігерімізді жұмсауға тиістіміз.

 

Бесіншіден. Жастармен жұмыс – ерекше сипатқа ие. Партия филиалымемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға ықпал етуі қажет. Оның үстіне, биыл жастар жылы. Осы орайда «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына ерекше екпін беріп, еріктілер корпусымен тығыз жұмысты жалғастырған жөн.

 

Конференция кезінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIХ съезіне Маңғыстау облыстық филиалынан 19 делегат сайланды.

 

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов, сөзінің соңын Елбасы жүктеген міндеттерді орындауға маңғыстаулықтар үлкен үлес қосатындығына және халық таңдауын көрсететін президенттік сайлауға қатысты іс-шаралар барысында жауапкершілік танытатындықтарына сенімдімін деп шараны қорытындылады.

 

Конференция соңында «Nur Otan» партиясының әнұраны орындалды.

 

Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему