Ақтауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтті
Курс валют в Актау
на 25/06/2019
 
376.86
380.13
 
429.38
433.8
 
5.95
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Июня, 16:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтті

13 Апреля 2019 (11:09) | 720 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филормонияда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз-ғұмыр» атты кеш өтті.

 

 

Концертте жастар, ақынның «Қыз махаббаты», «Қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары», «Әйел тілегі», «Әйелдің монологы», «Қызыл тымақты қыз» және де «Қыз-ғұмыр» жырларын нақышына келтіре оқыды.

 

Фариза Оңғарсынова - жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген, нәзік жандылар тақырыбын шығармаларына арқау етіп, қазақтың сөз өнерін биік белеске көтеріп, поэзияға жаңа леп әкелген ақындардың бірі.

 

Ол туралы әйгілі қаламгерлер «Қызша киінген Махамбет» - дейтін. Шынында да ол кешегі дауылпаз Доспамбет, шамырқанған Шалкиіз, кәрі жорға Қазтуған, алдаспан Ақтамберді, жалаугер Махамбеттерден қалған аруақты да арынды жырдың жалғасы еді.

 

Махамбет Махамбет Білмеймін жел ме, сел ме Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме?»

 

Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филормонияның директоры Б.Базарбаевтың мәлімдеуінше, «Бұл кешті ұйымдастырудағы негізгі мақсат - поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарған, қиялға қанат сермеп, поэзияға жаңа леп әкелген өр ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығын халыққа, әсіресе өскелең ұрпақ –жастарға насихаттау».

 

Фариза Оңғарсынованың «Қыз махаббаты», «Қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары», «Әйел тілегі», «Әйелдің монологы», «Қызыл тымақты қыз» және де «Қыз-ғұмыр» атты жырлары ақынды әйел адамының жиынтық бейнесін сомдаушы қаламгер ретінде танытты. Оның бұл өлеңдері қазақ сазгерлерінің назарынан тыс қалмай, әнге айналды.

 

Жас өнерпаздардың шырқаған әндерінен қаламгерге деген ерекше сый-құрметтің лебі сезілді. Ақынның өлмес жырларына арналған өнер кешіне жиналған көрермен, рухани сусындап, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филормония

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему