Мешіттің әйелдер қауымы психологпен кездесті
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 20:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мешіттің әйелдер қауымы психологпен кездесті

19 Февраля 2019 (16:33) | 2590 | Автор: Нурганым Имашева

2019 жылдың 16 ақпан күні Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде әйелдер қауымы «Толеранттылық деген не?» және «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренингке қатысты. Облысымыздағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі Ләззат Надиршина мен теолог Аян Нұржақып жамағаттың түрлі сауалдарына жауап берді. Аян Нұржақыптың айтуынша, елімізде белең алған деструктивті жат ағымдардың алдын алу үшін ауқымды шаралар қолға алынуда. Дегенмен, ата-баба жолынан тайып, бетін қарамен тұмшалағандар жетерлік.

 

 

* Қазақстанда таблиғи жамағат ағымына тиым салынған. Сопылық ағым бұрмаланғандықтан, бұл жолды ұстанушылардың бағыты да бұрыс. Такбир – туыстық қарым-қатынасты, салт-дәстүрді жоққа шығарады, үлкенге құрмет көрсетпейді. Үстіне қара жамылып, ел заңын сақтамайды, дұға жасағанымен, ниеттеніп бетін сипамайды. Исламның ақ жолынан адасқан әйелдермен атқарылып жатқан жұмыстың нәтиже беретініне сенімдімін,-дейді дін мәселелері ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теологы Аян Нұржақып.

 

Дін мәселелері ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі Ләззат Надиршина толеранттылық тақырыбында білімін ортаға салды. Жамағат өкілдерімен психологиялық жаттығу жүргізіп, олардың сауалдарына жауап берді.

 

* Толеранттылық – адамның жан-жақпен келісімде болу, басқаның қателіктеріне кешіріммен қарау, өзін-өзі тани білу. Ал, өзгені түсінгісі келмейтін, өзінен басқаға бас қатырмайтын, жан-жағындағы жандармен санаспайтын адамның әрекетін-интолеранттылық деп атайды. Зайырлы қоғамымызда болып жатқан келеңсіз жәйттердің көбеюі осыдан,- дейді Дін мәселелері ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі Ләззат Надиршина.

 

Мешіт жамағатының әйелдер қауымы көкейлерінде күрсінген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мұндай өзекті тақырыптар бойынша кездесулердің енді жиі ұйымдастырылатынын айтты.

 

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің

баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему