Сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 23/03/2019
 
375.88
380.75
 
426.39
432.08
 
5.79
5.95
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Марта, 09:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі

7 Января 2019 (13:14) | 517 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңа жыл қарсаңында тұрғындардың дүкендер мен сауда орталықтарына бару саны бірнеше есеге артады, осыған байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде – сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі талаптарын тағы да еске салғымыз келеді. Өртке қарсы режимнің ережелеріне сәйкес, халықтың жаппай жиналатын объектісі - бұл бір мезгілде 50 немесе одан да көп адамы бар ғимарат.

 

 

Қазіргі уақытта ірі сауда нысандарының құрылысы үлкен қалаларда ғана емес, еліміздің қарапайым шағын қалаларында көптеп кездеседі.

 

Мыңдаған адамдардың ішінде ірі сауда орталықтарына бірінші рет келген кейбір адамдар эвакуациялау жолдарымен таныс. Бұл адамдар төтенше жағдайда қалай әрекет етеді? Төтенше жағдайда олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

 

Сауда орталығы бір мезгілде көптеген адамдар болатын және бірнеше қабаттары бар кең жабық алаң болып табылады. Сондықтан стационарлық бөлшек сауда желісінің жұмысы міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережесіне сай болып, өртке қарсы қауіпсіздік мұқият ойластырылуы тиіс.

 

 

Сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін эвакуациялауды ұйымдастыруға аса мән беріп, өрт сөндірудің автоматты жүйелері мен өрт сөндіру үшін пайдаланатын қол құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етіліп, олар міндетті түрде объектіде болуы шарт. Көбінесе сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі кәсіби автоматты жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады.

 

Жергілікті жерлердегі жауапты адамдар кем дегенде жарты жылда бір реттен сауда үй-жайларында оқу-жаттығу эвакуациясын өткізуі қажет, бұл үшін персонал елеулі өртке дайындалып, тез әрекет ету керек. Сауда алаңдарының меншік иелері мен жалға алушылары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өрт болған жағдайда олардың іс-қимыл жасау тәртібі бойынша өз жұмысшыларымен нұсқамалар жүргізуі қажет. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары барлығына бірдей, бірақ объектінің инженерлік ұйымының әрлеу ерекшелігіне байланысты осы талаптарды қамтамасыз ету тәсілдері жиі ерекшеленеді.Сондықтан сауда орталығының иесіне мамандар осы нысанның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің бірегей өрт қауіпсіздігі жүйесін әзірлеуді ұсынады.

 

-Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау өрт пен адам құрбандарының пайда болу қаупін бірнеше рет төмендетуге мүмкіндік береді,- дейді осы ақпаратты біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді жолдаған баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему