Балаларды сақтық шараларына үйретуге арналған сурет байқауы өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаларды сақтық шараларына үйретуге арналған сурет байқауы өтті

16 Марта 2018 (19:59) | 4089 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ж.Айнабек бүкіл әлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай №17 жалпы орта мектебінің4-5 сынып оқушылары арасында сурет салудан байқау ұйымдастырды.

 

 

Іс-шара кезінде балалар өз өнерлерін, қабілеттерін барынша көрсетіп, байқауға белсене атсалысты.

 

Байқау барысында балғындар табиғи жағдайдағы төтенше жағдайлар, жер сілкінісі, су тасқыны, тағы да басқа апаттық оқиғалар тақырыбында суреттер салды. Конкурсқа қатысып, шеберліктерін танытқан оқушылар бірнеше сыйлықтар, дипломдармен марапатталды.

 

Аталған іс-шараның өтуі арқылы оқушылардың төтенше жағдайлар туралы  тереңірек білім алуына мүмкіндік жасалды. Балалар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет жасау негіздерін түсінді.

 

Оқушылар өз суреттерінде Төтенше жағдайлардың түрлерін бейнелеуге тырысты.

 

 

Сонымен қатар байқауды ұйымдастырудағы мақсат - мектеп оқушыларына улы газдан сақтану, тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, адамдар жаппай болатын объектілерде өрт шыққан жағдайда не істеу керек, қауіпсіз жерге қалай шығу, өз-өзін құтқару іс-әрекеттерін  үйрету болатын.

 

 Жас өрендерге кез-келген үй-жайға кіргенде қосымша және авариялық шығу жолдарына көніл бөлу, ойша оларға қарап өту, ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық жолмен шығуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы оқушыларға үй-жайдағы зиянды жану өнімдері адамның бойына жоғары денгейде жиналатыны туралы, сонымен қатар түтіннің әсерінен адамның улануы қауіптілігі жайында және түтінге қарсы қандай іс-әрекеттер жасау керектігі туралы түсіндірді.

 

Балаларға сонымен қатар қосымша ақпарат ретінде өрттің шығу себептері туралы анықтамалар берілді.

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Жасұлан Айнабек

 

Суреттерді ұсынғанЖасұлан Айнабек

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему