Облыс аумағында салафиттік толқындағы деструктивті-діни ағымдарды жақтаушылармен жасалған қылмыстар туралы
7 Января 2019 (10:37) | 2157 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 2018 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында салафиттік толқынның деструктивті-діни ағымдарын жақтаушылар жасаған жалпы қылмыстық сипаттағы 37 қылмыс тіркелгені туралы хабарлады.
-Барлық қылмыстар ашылды. Кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жасалған қылмыстардың 11-і ауыр қылмыстар санатына (ҚР ҚК 120 - бабының 2 - бөлігі - зорлау, ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі-бұзақылық, ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі-бопсалаушылық, ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі-адам ұрлау және т.б.) жататынын атап өтті. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының 28.12.2016 жылғы "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында экстремизмді жүзеге асыру үшін байланыс желілері мен құралдарын пайдалануға, сондай-ақ экстремистік материалдарды елге әкелуге, елден шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым салынатынын хабарлайды, - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратта.
«Интернет-месенджерлерді, әлеуметтік желілерді пайдаланған кезде сақ болыңыз.
Зорлық-зомбылық, қатыгездік, діни және өзге де экстремизм элементтері байқалатын күмәнді мазмұндағы материалдарды таратпаңыз. Баспа материалдарын осы санаттағы өнімді сатуға маманданған сауда орындарынан тыс жерден сатып алмаңыз.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес экстремизмді жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылады.
Егер сіз діни жораларды іске асыратын орындардан тыс жерде діни бастамаларды заңсыз түрде насихаттаудың, сондай-ақ діни әдебиеттерді таратудың куәгері болсаңыз, 102 немесе 47-52-46 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз,- деп мәлімдейді Маңғыстау облысының Полиция департаменті.
Суреттер old.aikyn.kz, ishan.kz, ikaz,kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему