22 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Курс валют в Актау
на 17/07/2019
 
382.06
385.4
 
428.47
432.78
 
6.01
6.15
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Июля, 13:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

22 кәсіпкердің құқығы қорғалды

4 Января 2019 (09:44) | 659 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесі 2018 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

 

 

-Кеңес облыс кәсіпкерлерінің заңды мүдделерін қорғау, туындаған күрделі мәселелердің түйінін тиімді, жүйелі және шұғыл шешу, сонымен қатар елдегі бизнестің дамуында қиыншылық туындататын мәселелерді қалың бұқараға жариялау мақсатында құрылған болатын.

 

Оның негізгі міндеті - кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен кәсіпкерлік саланың еркіндігі, заңнамалар мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, кәсіпкерлікке негізсіз араласу фактілерін болдырмау. Кеңес Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне әділ шешімдер іздеп және оның жүйелі шешілуіне атсалысып келеді.

 

Қазір Кеңес құрамында 13 адам бар. Оған облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет істері; табиғи монополияларды реттеу департаменттері өкілдері, заңгерлер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері мүше,- делінген Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Кеңес төрағасы Шымбай Сұлтановтың айтуынша, 2018 жылы Кеңестің 11 отырысы өтіп, 22 түйіткілді мәселе талқыланды. Онда қаралған мәселелер қиындық туындаған іскердің ғана емес, сол салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің барлығына оң ықпал етті.

 

Мәселенің маңыздылығына қарай облыстың атқарушы органдары басшылары мен мүдделі мемлекеттік мекемелер жетекшілерінің қатысуымен көшпелі отырыстар өтті. Жиналыс қорытындысында тиісті шешімдер қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасалды. Мысалы, Кеңестің көшпелі отырыстарының бірінде «ЦентрКредитБанкі» АҚ директорының жер тіркеу кезінде Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты өтініші қаралған. Оның нәтижесінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департементіне ұсыныс жіберілді. Әдеп жөніндегі кеңес «Ақтау жер қатынастар бөлімі» ММ басшысына «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданды.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң халыққа кеңінен түсіндіріліп, оны орындау бағытында өңірлік кәсіпкерлер палатасы елеулі жұмыстар атқарды. Нақтылап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары халық арасында ұдайы талқыланып, жіберілген кемшіліктерді саралап, жүйелендіруге ықпалын тигізеді. Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды қарайтын жиналыстар өтіп, оның жолын кесу және болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлар жасақталады.

 

Өткен жылы инвестициялық және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлерді сүйемелдеуге бағытталған кездесу өткен еді. 4 шетелдік және отандық инвесторлар мен кәсіпкерлер меморандумға қол қойды.

 

Тағы бір мысалға тоқталар болсақ, «TS Construction» ЖШС мен «Облыстық білім басқармасы» ММ арасында балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу шартымен сенімгерлік басқаруға беру туралы келісім жасалады. Бұл мәселені қарастырғанда, екеуара шартта олқылықтар мен кемшіліктер анықталып, заң бұзушылықтарға жол берілгені белгілі болды. Осылайша, келісімшарт талаптарына сәйкес, жеке серіктес мемлекеттік емес мекеме сараптамасының қорытындысын алып, нысанды пайдалануға беруі тиіс болған. Құзырлы мекемелер жобалау-сметалық құжаттамаға қорытынды беруден бас тартқан. Сөйтіп жобаны іске асыру үшін кедергілер көбейген. Кеңестің араласуымен мәселе оң шешімін тапты. Мұндай игілікпен аяқталған жайттар жетерлік.

 

Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкер Н.Турумбаеваның жер телімін жалға алу мерзімі ұзартылды, ал жеке кәсіпкер Е. Мұқтановтың жер телімі жеке меншікке сатылды. Т.Аязбаеваның наубайханасына газ тарту мәселесі шешіліп, С.Утемуратовтың автокөліктерге бензин құю станциясы базасының негізінде сұйытылған мұнайгаз станциясының ашылуына ықпал етті.

 

Жеке кәсіпкер Ж.Бисембаевтың Жетібай елді мекеніндегі 1 жылдан астам уақытқа созылған «Айназ» балабақшасының мәселесін Кеңесте қарап, заңды шешімін тауып, мүддесі қорғалды. Оған риза болған кәсіпкер Кеңес мүшелеріне «Алғыс хат» жолдады.

 

Кәсіпкерлерге заңға сәйкес өз құқықтарын қорғауға көмектесу арқылы қоғамның, жергілікті биліктің және бинестің арасындағы ынтымақтастықты нығайту механизмдерінің бірі болып табылады.

 

Елбасы жолдауында құзырлы органдарға әкімшілік заңнамаларды ізгілендіріп, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуын заңдық тұрғыда реттеуді тапсырған болатын.

 

Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамасы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, ескерту әкімшілік жазаны көздейтін бапты ізгілендіру көзделген.

 

Кеңес отырысында кәсіпкерлер лаңкестікке қарсы күрес Заңының нормаларын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік айыппұлдар мөлшері жоғары екенін, оны көпшіліктің қалтасы көтере бермейтінін мәлімдеген болатын. Сондықтан да ӘҚБК-нің кәсіпкерлікке қатысты 149-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны айыппұлдан ескерту түріне ауыстыру, полиция департаментіне аталған мәселені тексеруде бейне тіркегіш қолдану және ҚР «Лаңкестікке қарсы күрес» Заңына сәйкес, полиция тарапынан тексеруді азайту жөнінде ҚР «Атамекен» ҰКП-на жазбаша ұсыныс жіберілді.

 

Өткен жылы Кәсіпкерлер Палатасына әкімшілік кедергілер туралы ақпарат белгілі болды. олар бойынша ҚР «Атамекен» ҰКП-на кәсіпкерлердің күрделі сұрақтары тізіліміне енгізуге хаттар жолданды.

 

-Төтенше жағдайлар департаменті «Каспиан Оффшор Индустриаз» ЖШС-ін мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет ұйымдары мен нысандары тізбесін бекіту туралы қаулысын негізге алып, әкімшілік жазаға тартқан. Алайда өнімділігіне қарамастан, қайраңда мұнай мен газ өндіру мен дайындауға арналған теңіз операцияларын қолдау базалары деген анықтама аталған.

 

Өкімет қаулысында ашып көрсетілмеуіне байланысты аталған талапты Кеңес әкімшілік кедергі деп танып, оны алып тастау жөнінде өзгертулер енгізу жөнінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазбаша ұсыныс жіберілді,- дейді Кеңес төрағасы Шымбай Сұлтанов.

 

Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Жалпы Кеңес тарапынан ұйымдастырылған басқосулар кәсіпкер, мемлекет және бизнес арасындағы үш жақты диалогтың құрылуына үлес қосты десе артық болмас. Бұл шаралар болашақта да жалғасын табады».

 

Суреттерді түсірген Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему