Мемлекеттік сатып алулар кезінде жіберілетін әкімшілік құқықбұзушылық фактілері азаймай отыр
17 Декабря 2018 (13:20) | 3474 | Автор: Нурганым Имашева
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы мемлекеттік сатып алулар кезінде оған жауапты мамандар тарапынан жіберілетін әкімшілік құқықбұзушылық фактілерінің азаймай отырғаны туралы мәлімдеді.
-Өзіне мәлім болған күннен бастап 30 күн ішінде, «Тапсырыс беруші» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушының үстінен сотқа арыздануы тиіс. Өзімен жасақталған келісім-шарттың талаптары бұзылуына байланысты, оның тиісті түрде орындалмағаны үшін «Тапсырыс беруші» жосықсыз қатысушының үстінен оны жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізу үшін 30 күн ішінде сотқа жүгінуі қажет.
Ал бірақ көп жағдайларда мемлекеттік сатып алудың «Тапсырыс берушілері» тарапынан аталған заң талаптары көбіне сақталмайды. Оның себептері әртүрлі: көп жағдайда бұл мекеменің заңгерлерінің жауапсыздығы және мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың жауапкершілігінің жоқтығы.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 207 бабының 11 тармағына сәйкес, сотқа қуыныммен шағымданбау немесе мерзімінде шағынданбауы себебіне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабында Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер көрсетілген. Сол тізілімдер ішінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізімі бар. Аталған тізімге мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 күн ішінде талап арызбен жосықсыз қатысушының үстінен сотқа арыздануға міндетті,-дейді Департамент басшысы.
Сәкен Жұмағалиұлының айтуынша, «Осыған байланысты мемлекеттік сатып алудың «Тапсырыс берушілері» тарапынан аталған заң бұзушылықтар өте жиі орын алады. Қанша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, қанша бұзушылықтар фактілері анықталса да, әрине, бұрынығыға қарағанда қазір ол фактілер азайды. Алайда әлі де болса олар кездесіп отырады. Мысалы, бұрын алдыңғы заң нормаларына сәйкес «Тапсырыс беруші» жосықсыз қатысушының үстінен 15 күн ішінде сотқа жүгінуі тиіс болса, яғни сотқа арыздану мерзімі қысқа делінсе, қазіргі заң талабына сай, ол мерзім 30 күнге ұзартылды».
-Егер тапсырыс беруші уақытында сотқа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы жүгінбесе, ол кері әсерін тигізеді, тапсырушының уақытынан кеш әрекет етуінің себебінен ол қатысушы келесі мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатыса алмай қалады. Бар мәселе осында болып отыр. Мемлекеттік сатып алулардың уақытылы, сапалы болуына, тиісті деңгейде орындалуына ол әсер етеді. Ал егер уақытылы тапсырыс берушілер сотқа жүгінсе, басқа қатысушыларға кері әсерін тигізбей, сонымен қатар олар әкімшілік құқық бұзушылық фактісімен жауапкершілікке тартылмас еді.
Олардың қандай мақсатта, әдейі немесе әдейі емес осындай заң бұзушылық жасағандарын біз анықтай алмаймыз, тек факт – 30 күн ішінде талап арыз берді ме сотқа әлде бермеді ме соны ғана анықтай аламыз. Уақытынан кеш сотқа жүгіну жасалғандықтан өз қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы"Кодексінің 207 бабының 11 тармағына сәйкес отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.
Бұл да, мысалы, 30 күн ішінде тиісті мерзімде сотқа жүгіну туралы мемлекеттік сатып алу бойынша жауапты қызметкерлер үшін біздің тарапымыздан жасалып жатқан түсіндірме жұмыстары болып табылады. Бұл шара - түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, әкімшілік құқық бұзушылық фактілері әлі де орын алуда,-деп мәлімдеді Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті ММ-нің басшысы С.Қасымов.
Суреттер Матрица.kz, baribar.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему