«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының негізінің алдын алу – сақтандыру»
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының негізінің алдын алу – сақтандыру»

14 Декабря 2018 (09:25) | 5025 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының негізінің алдын алу – сақтандыру» тақырыбына семинарлық сабақ өтті.

 

 

Іс-шара өткізген уақытта судья К.Ж.Акеров баяндама оқыды, ол өз сөзінде, бүгінгі күні мемлекеттік қызмет аясын дамыту бағытында  және мемлекетік аппараты ақпараттандыру, шенеунік пен азаматтың тікелей қарым-қатынасын азайту және сыбайлас жемқорлық жасау жағдайын кемітуге бағытталған кешенді шаралар жүргізілгендігін атап өтті.

 

-Жазадан құтылмау принципі табысты жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық жасағаны белгілі болған шенеунік, оның алып отырған қызметіне және дәрежесіне қарамастан заңның барлық қатаңдығымен жазаға тартылады.

 

Қызметтік тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағандары үшін қылмыстық-құқық саясат қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

 

Сыбайлас жемқорлық үшін қатаң жаза қажеттігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейін аралықта құқықтық саясат Концепциясында қарастырылған.

 

Осындай түбегейлі жол Қылмыстық кодексте де жүзеге асырылған.Осымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға ескіру мерзіміәсер етпейді, шартты түрде бас бостандығынан айыруға жол берілмейді, мемлекетік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру енгізілді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу нормасымен толықтырылды.

 

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін нақты төмендету тәсілімен және мемлекетпен қоғамда оның туындауының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған сақтандыру сипатындағы кешенді шараларға жетекші басымдық берілуі қажет. Яғни сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алу қажет.

 

Қазақстан қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениетін «Мәңгілік ел» идеологиясының  төңірегінде қалыптастыру қажет. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен озық халықаралық стандарттардың  үйлесімді сәйкестігі азаматтардың мінез-құлқының құқықтық қағидаларын қалыптастырады.

 

Сыбайлас жемқорлықты халықтың мәдениетке жат қылық ретінде тану және жақтырмау – біздің қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі,- дейді Бейнеу аудандық сотының судьясы Қуандық Акеров.

 

Іс-шара соңында Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотының судьялары мен мамандары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу сұрақтарын талқылады.

                      

Суреттер ikaz.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему