Ақтаудағы «Holiday Inn» қонақ үйінде  өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 27/01/2021
 
417.65
421.61
 
508.46
513.6
 
5.58
5.77
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Января, 09:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы «Holiday Inn» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығуы өтті

15 Октября 2018 (16:44) | 1097 | Автор: Нруганым Имашева

Өрттерді сөндіру, сонымен қатар басқа да төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл әрекет шеберліктерін арттыру мақсатында, маңғыстаулық құтқарушылар облыстағы адамдардың көп шоғырланатын нысандарында кешенді тәжірибелік жаттығуларды өткізуді жалғастырып жатыр.

 

 

Жақын арада, Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Holiday Inn» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығуын өткізді.

 

Нысан басшылығымен бірге маңғыстаулық өрт сөндірушілер шартты жануды сөндіру кезінде және адамдарды құтқару барысында орындалатын негізгі әрекеттерді машықтады.

 

Жаттығудың жоспары бойынша, «Sky bar» Lounge bar аумағында мангал жағуға арналған ЖТС төгілуі салдарынан жетінші қабатта жану жағдайы орын алды. Санаулы минуттарда бөлмеде жану және қатты түтіндену таралды.

 

Өрттің орын алғанын байқаған күзетші алғашқы өрт сөндіру бөлімшесінің келгеніне дейін міндетті алғашқы әрекеттерін жүзеге асырады. Ол «101» желісі бойынша құтқару қызметіне хабарлайды, нысан басшылығына хабардар етеді, сондай-ақ шартты өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен  сөндіруге кіріседі. Бұл кезде бір уақытта ақтаулық құтқарушылар газ түтінінен қорғау қызметінің буыны құрамымен түтінденген аймаққа зардап шеккендердің бар-жоғын анықтауға барлау жүргізді.

 

Сонымен қатар, өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Оған нысан өкілдері де қатысты, жанып жатқан ғимараттан қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды есепке алу жұмыстары, медициналық көмек көрсету ұйымдастырылды, ғимаратта қалған адамдар жайында ақпарат анықталды.

 

Қонақ үйлер, пансионаттар, санаториялар және де басқа да адамдардың көп шоғырланатын нысандарында көп жағдайда өрт қауіптілігін арттырады, әсіресе, жоғары қабаттарда туындайды, жиһаз санының, бөліктер, пластик материалдардыңкөп болуы, олар жану орын алған кезде санаулы минуттарда жалынды өрбітіп жібереді, осыған орай нысан басшылығы қызметкер өміріне де, бірінші кезекте адамдар мен қонақ етушілердің өміріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапкершілігі артады.

 

Ақтаулық құтқарушылар, сондай-ақ нысан басшылығы мен қаланың мүдделі шұғыл қызметтері алға қойылған міндеттерді сәтті орындап шықты, өрт-тактикалық жаттығу «жақсы» бағамен өтті.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему