Маңғыстау полициясы үш тәулікте 25-ке жуық қылмыстың бетін ашты
27 Августа 2018 (12:33) | 1560 | Автор: Нурганым Имашева
Өткен аптада өңірде тәртіп сақшылары үш тәулікке созылған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасын ұйымдастырды.
Тиісті қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстарды болдырмау, жолын кесу мақсатында өткізілген аталмыш шараның нәтижесінде құқыққорғау қызметкерлері облыс бойынша 24 қылмыстың бетін ашқан.
- Бұрын жасалған қылмыстар бойынша - 7 дерек анықталды. Іздеуде жүрген қылмыскерден ұсталғаны – 2. Тыйым салынған құралдарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін – 11 тұлға ұсталса, оның ішінде есірткі құралдарды сақтағаны үшін – 10 тұлға құрықталып, атыс қаруын алып жүрген – 1 тұлға ұсталды, одан атыс қаруының 1 бірлігі, ұңғысыз травматикалық атыс қаруының 1 бірлігі тәркіленді.
Тұтастай алғанда, сыртқы қызметтердің қызметкерлерімен облыс бойынша - 1173 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін – 30 тұлға ұсталды.
Түрлі санаттар бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 362 тұлғаға тексеру жүргізілді.
Қабылдау-тарату орнына – 20 тұлға қамалды, соның ішінде 3 шетелдік жеткізілді.
Уақытша бейімделу және интоксикация орталықтарына - 17 адам орналастырылды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі.
«Конституция күнін» мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысының аумағында үстіміздегі жылдың 22-24 тамызында ұйымдастырылған «Құқықтық тәртіп» республикалық маңызы бар жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері - қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «Облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасына ІІО-ның барлығы - 669 қызметкері жұмылдырылған, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері – 301, оның ішінде қоғамға тартылғаны -34.
Жұмылдырылған автокөлік – 122 бірлік, оның ішінде жол-патрульдік полициясы – 78.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему