Тарас Шевченко мемориалдық музейіне 90 жыл толды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 18:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарас Шевченко мемориалдық музейіне 90 жыл толды

27 Мая 2022 (18:37) | 1676 | Автор: Редакция

Бүгін Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында өңірдегі алғашқы музейдің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы достық музейі» аттты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

 

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше аймақтағы алғашқы музейдің мерейтойы меймандарға көрмелерді таныстырудан басталды. Содан соң, арнайы келген қонақтар гүл шоғын қойып, А.Сатаевтың «В степи безлюдной и глухой» атты драмасының желісі бойынша дайындалған сахналық қойылымымен жалғасты.

 Шарада Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев, Форт-Шевченко қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышқали Жеткізгенов, "Құрмет" орденінің иегері, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы Айкүміс Досанова және Украин этномәдени бірлестігінің өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, музей қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

 Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сұлтанбек Құдайберген Тарас Шевченко атындағы мемориалдық музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Қаратау экспедициясының іздері» атты сурет өнерінен аудандық конкурс жүлдегерлерін марапаттады.

 Тарас Шевченко атындағы мемориалдық музейдің негізін жергілікті ұстаз Нұртілеп Несіпбеков қалаған. Оның өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарында Киев қаласынан алып келген 30 жәдігерімен ашылған музейде бүгінде 17 мыңнан астам жәдігер бар.

 Айта кетейік, Түпқараған ауданындағы "Мұражайлар" кешеніне кіретін үш музей жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін, ауданның өткен өмірі мен рухани мұрасын республикамыздың түкпір-түкпірінен келетін туристерге танытып келеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему