Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздары көрерменге дәстүрлі ән-күй кешін сыйлады
16 Июня 2018 (20:27) | 3244 | Автор: Нурганым Имашева
Жұманың кешінде М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында дәстүрлі ән-күй кеші өтті.
- Концерттің мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ертеден келе жатқан жыршылық, әншілік дәстүрді насихаттау, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, халыққа ұсыну, қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру.
Өнер зерттеушілері қазақтың халық музыкасын аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай Батыс, Жетісу, Сыр бойы, Алтай-Тарбағатай мектебі деп 5-ке бөліп қарастырады.
Филармонияда өткен концертте осы белгілі мектептердің барлығы қамтылды. Зерттеушілер Батыс мектебіне жатқызғанмен,Үстірт-Маңғыстау мектебі-өзіндік сыр-сипаты бар, жыршылық, әншілік және күйшілік ортасы қалыптасқан өз алдына жеке мектеп,-деп мәлімдеді М. Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Базарбаев.
ҚР мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ерімбетова, Асанәлі Көшеров, «Мен қазақпын» мега жобасының бас жүлдегері Оспан Құлсымақ бастаған Маңғыстау мектебінің өкілдері жыр кешінің шымылдығын ашты.
Аралбайдың «Сөз басы», (орынд.Әзімхан Баймағанбетов), Асан Әменұлы «Шын жақсының белгісі» (орынд. Оспан Құлсымақ), сынды шығармалар көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.
Сондай-ақ, Батыс өнер мектебінің ән-жырларынан көрермен назарына халық әні «Шымыр» (орындаған Күләш Досмұхаммедова), Мұхит Мералыұлы “Үлкен Айдай”(орын.Айнұр Омарова), халық күйі “Арман” (орын. Берік Төлембетов) т.б шығармалар ұсынылды.
Сыр бойы, Жетісу, Арқа мектебі өкілдері жырлаған жырлар мен орындаған әндер кештің сәнін келтірді.
Нартайдың «Бастау» термесі (орын. Марат Сафаров), Ықылас Дүкенұлы «Айрауықтың ащы күйі» (ор. Гүлжамал Ербозова), Кенен Әзірбаевтың «Тік Шырқау» (ор. Серіжан Масжанов), Исаның «Желдірмесі» (орын. Екпін Толқынхан) секілді қазақ өнерінің қайталанбас туындылары әуенінің байлығымен, кең тыныстылығымен ерекшеленді.
Дәстүрлі ән-күйден шашу шашылған өнер кешін 300-дей көрермен тамашалады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық филармониясының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему