Көктемгі Наурыз мейрамына арналған жарыс
1 Апреля 2019 (15:34) | 1544 |
Автор: Нурганым Имашева
Көктемгі Наурыз мейрамына арналған жарысқа Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ) аумағында өрт сөндірушілер қатысты. Мұнда Маңғыстау облысының гарнизон бөлімшелерінің қызметкерлері үздік атану үшін күресті, олар №1, 2, 5, 8 өрт сөндіру бөлімдерінің өкілдері.
Жеребе мен қысқа жаттығудан кейін жарыстың бас төрешісі, Қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Еркінбек Нұрғали нұсқаулық өткізіп, жарыстың негізгі ережелерін спортшылардың есіне салды.
Мерекедегі ең әсерлі көріністі және қызықты ойындардың бірі - қазақ халқының ұлттық ойыны "аударыспақ" болды. Аударыспақ – бұл ең үздік шабандоздар қатысатын ат үстіндегі тартыс, өйткені ат үстіндегі тартыс ерекше төзімділікті, күш-жігерді, табандылықты, ептілікті және ерде өзін ұстай білуді талап етеді. Күрестің мәні - атқа мініп екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады, сайыс - олардың ішінен кім қарсыласын ат үстінен ептілікпен итере алатындығымен ерекше. Кім мықты болса, сол жеңімпаз болып саналады. Осы жарыстың жеңімпазы болып №1-МӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Дүйсенғалиев Жанболат танылды.
Тұрланбаев Нұрсейіт – №2-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты қол күресі бойынша жарыста жеңімпаз атанды, өрт сөндіру көліктерін жүргізу бойынша аға нұсқаушы азаматтық қорғау прапорщигі Конарев Бердікожа өрт сөндірушілер арасында гір спорты бойынша жарыста жеңіп шықты, ал арқан тарту бойынша жарыста - №5 ӨСБ құтқарушыларының командасы жеңіске жетті.
- Аталмыш жарыстың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында гір спортын, ұлттық ойындарды дәріптеу болып табылады. Осындай қызықты сайыстар мерекеге орай, жыл сайын өрт сөндірушілер арасында өтеді, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Мәуленов.
Құтқарушылар сонымен қатар Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ) аумағында "Алтыбақан" орнатты. "Алтыбақан" – ұлттық ойын, жастардың ойын-сауығы. Ол – қыз-жігіттердің қол бос уақытта көңіл көтеретін ерекше ойын-сауығы болып табылады.
- Жарыстардың қорытындысымен жеңімпаздарға және жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
Зарегистрируйтесь или войдите в систему