Қайырымды жандар балаларға қуаныш сыйлады
5 Июня 2018 (09:43) | 3996 | Автор: Нурганым Имашева
«Ақтау қалалық үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы» мемлекеттік мекемесін де мүмкіндігі шектеулі балаларға екі бөлімше үйден әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда бөлімше есебіндегі 170 балаға 28 әлеуметтік қызметкер Стандартқа сай қызмет түрлерін көрсетуде. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай Орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен біршама шаралар өткізілді.
Бөлімше есебіндегі 79 балаға «Ақ Отау» мейрамханасы (директоры Молдашева Ғалия Тұрысбекқызы) мерекелік түскі ас ұйымдастырып, арнайы тәтті сыйлықтар үлестірді. Осы шарада қала тұрғыны Авданбаева Әсел бөлімше балаларына ертегілер әлеміне Миньон мен Эльза ханшайыммен бірге сапар шегу мүмкіндігін сыйлады.
29 мамыр күні облыстық балалар қуыршақ театры (директоры Атакеева Фарида Момбекқызы) бөлімшенің 65 баласына тегін қойылым қойып көңілдерін көтерді.
-Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай көптеген мекемелер демеушілік көмек көрсетті: «Нұр-Ислам құрылыс компаниясы» ЖШС (директоры Шараханов Исламбек Алтынбекұлы), «ABN Consulting group» ЖШС (директоры Ахмедов Расул Михайлович), «Нұрай» мейрамханасы (директоры Бердиханова Қарлыға Бисембайқызы) қаржылай көмек көрсетіп, бұл ақшаға бөлімшедегі 170 балаға төсек-орын жабдығы, жемістер жиынтығы алынып, балаларға табысталды.
«Масат» ЖШС директоры орынбасары Досжанов Талғат 1 маусым күні «Aktau Palace» салтанат сарайында өтетін «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік шоуға 10 балаға билет сыйлады.
1 маусым күні «Азия» мейрамханасы (директоры Мамедов Фатали Джабраил оглы) және «Достлуг азербайджан этноорталығы» (төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахбердиевич) 70 балаға мерекелік түскі ас ұйымдастырып, әр балаға жасына қарай ойыншықтар сыйға тартты. Балалар мен ата-аналар демеушілермен бірге көк аспанға бір мезгілде шар ұшырды.
Бөлімше балалары арасында «Бақытты балалық шақ» және Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай сурет көрмесі ұйымдастырылған, осы шарада барлық сурет салған балаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды,-деп хабарлайды біздің басылымға осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен «Ақтау қалалық үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы» мемлекеттік мекемесінің мамандары.Балалар Отан
Суреттерді ұсынған «Ақтау қалалық үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы» мемлекеттік мекемесі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему