Каспий теңізі жағалауында орналасқан демалыс базаларында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1 Июня 2018 (21:18) | 3929 | Автор: Нурганым Имашева
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұханбетов Манарбек Хамидуллаұлының қатысуымен шомылу маусымының ашылуына орайбрифинг өтті.
Облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасарының мәлімдеуінше, «Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқару жасағының» құрамында(Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық селосы және Кендірлі демалыс базасында) 4 жедел-құтқару бөлімшелер бар.Жеке құрамда 56 адам және 18 жүзу құралы бар, 13 техника, сондай-ақ, сүңгуір және құтқару қондырғыларымен жабдықталған.
Жазғы суға түсу маусымында облыс көлемінде Каспий теңізі жағалауында30 жағажай аймағы (Ақтау қ. - 20, «Кендірлі» демалыс орнында - 10) орналасқан, жазғы мезгілде суға түсуге 3 жағажай аймағы, 5 балалар алауы, 22 демалыс базасылары есебінде 27 қайық, 18 құтқарушы, 22 медициналық қызметкер, 8 шолу мұнарасы, 214 құтқару құралдары (құтқару жилеті, құтқару шеңбері, конец Александрова және т.б.) бар».
-Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде «Жедел-құтқару жасағы» авариялық-құтқару жұмыстарына (АҚЖ) 47 шұғыл шығу тіркелді (2017 ж. – 37).
2017 жылы теңіз жағалауында 19 адам суға батты (2016ж.- 6) бұл көрсеткіш3 есеге артып отыр.Сараптама бойынша, барлық орын алған төтенше жағдайлар судағы қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан болып отыр және адамдардың өлімінің негізгі себептері:
-12 жабдықталмаған су айдындарында шомылу, судағы қауіпсіздік ережесін бұзу;
-3 жағалауда қараусыз қалған балалар (12 жасқа дейін);
-4 балық аулау кезінде ережені сақтамау, -дейді Манарбек Хамидуллаұлы.
Оның айтуынша, қауіпсіздік шараларын алу бойынша, жыл басынан бері мектептермен оқу орындарында 286 оқушыны қамтыған 10 дәріс оқылды (2017-13), 3291 оқyшы қатысуымен Онлайн режимінде3 интерактивті сабақ өткізді (2017-6), радиода 3 мақала оқып(2017-4), телеарнада-1 рет (2017-2) сұқпат өткізілді, жергілікті басылымда 5 мақала жарияланды(2017-7).
Қалалық және аудандық әкімдіктерімен жағажай аймақтарында Судағы қауіпсіздік тақырыбында 13 билборд және 8 тыйым салу белгісі орнатылады. Ағымдағы жылы Суға түсу мауысмында аталған іс-шара өз жалғасын таппақ».
Судағы оқиғалардан адамдардың өлімінің өсуі есбептерінің бірі - ол заң негізінде қауіпті аймақтардың айқындалмағандығы. Судағы оқиғалардың басым көпшілігі (12) осы қауіпті,суға түсуге тыйым салынған аймақтардатіркеліп отыр.
Осы аталған келеңсіз жағдайларды ескере отырып, «Азаматтық қорғау туралы» заң аясында, Ақтау қаласы әкімдігі Суға түсуге тыйым салынған аймақтар туралы облыс мәслихаты шешімінің жобасы жасақталып, облыс мәслихатының депутаттарынан қолдау тапты.
«Жедел-құтқару жасағы» Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, «Суға түсу маусымында суда адам өлімін болдырмауға бағытталған, мемлекеттік мекемелердің бірлескен іс-шаралар Жоспары» жасақтап, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді. Сонымен қатар, Шекаралық қызметі және Көлікті бақылау инспекциясымен, демалыс базалары мен жағажай аймақтары басшыларының қатысуымен кішігірім кемелерлер, басқа да жүзу құралдарының талаптарға сай болуы жөнінде бірлескен рейдтер ұйымдастырылатын болады. Жергілікті полициямен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында 2017 жылы 326 рейд ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді Департамент бастығының орынбасары.
М.Мұханбетоватап өткендей, «Ағымдағы жылдың жазғысуға түсу маусымында балалар алауларында «Жаз мезгіліндегі су айдындарындағыі қауіпсіздік» тақырыптарында конкурстар, жарыстар, викториналар,суға жүзу, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін үйрету жоспарланып отыр.Ал2017 жылы осы аталған іс-шара аясында 1369балақамтылған.
Суға түсу маусымында Жұмыспен қамту орталығының есебінде тұрған тұрғындар жыл сайын «Ерікті құтқарушы» мәртебесімен халыққа ақпараттандыру мақсатында жұмылдырылады.
Бұл судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесін шешуге үлкен мүмкіндік береді. 2017 жылы жұмыспен қамту орталығынан «Ерікті құтқарушыға» 35 адам бөлінген».
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему