Қос мерекені тойлады
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 14:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос мерекені тойлады

12 Декабря 2017 (20:36) | 1445 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта  егеменді ел болған күні. 26 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,-деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

 

 

Ұлық мерекеміз Тәуелсіздік  күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – Жер кадастры жәнежылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Жерге орналастыру саласының 58 жылдығы мен техникалық тексеру саласының 20 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырды.

 

Салтанатты шарада департамент директоры Мұса Хайруллиев жер кадастры жәнежылжымайтын мүлікті техникалық тексеру салаларының қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қызметкерлерді құттықтап, бірқатарына алғыс хат пен төс белгілерді табыстады. Одан бөлек, «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданған мекеменің 20 қызметкеріне партиялық билеттерді тапсырды.

 

Шара барысында департаментте қызмет ететін Тәуелсіздіктің құрдастары жиын қатысушыларын айтулы мерекемен бейнеролик арқылы құттықтады.  

 

 

- Біздің департаментіміздің негізгі екі өндірістік бағыты жерге орналастыру саласының 58 жылдығы мен жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласының 20 жылдығыда осы мерекеге тұспа-тұс келіп отыр. Қос мерекемен және Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын. Әр отбасына береке, еңбекте табыс тілеймін. Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырай берсін,-деді шарада сөз алған департамент директоры Мұса Хайруллиев.

 

Шара М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертіне ұласты.

 

Санира Изекеева, Департаменттің қызметкерлермен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Сурет автордыкі                

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему