Н.Жұбаев түлектері ауылға тарту жасады
24 Мая 2018 (19:17) | 4776 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау ауданының 90 жылдық мерейтойына Тәуелсіздіктің құрдастары тамаша тарту жасады. Шетпедегі Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің 2008 жылғы түлектері ауылдың ажарын ашып, көшенің көркін кіргізген « I love Shetpe» инсталляциясын орнатты.
Соңғы жылдары сәнге айналған өнер кескінінің ашылу салтанатына аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров, оның орынбасары Ерболат Махмутов, аудандық мәслихат хатшысы Абзал сарбалаев, ел ағалары, ауыл тұрғындары және аталған мектептің түлектері қатысты.
«Қадірлі жерлестер! Бүгін біз игілікті істің куәсі болып отырмыз. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйсіпеншіліктен басталады» деген болатын. Ауыл кәсіпкерлерінің, тұрғындардың, жастардың қолдауымен ауылдарда бірнеше әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілді. Міне, бүгін Н.Жұбаев мектебінің 2008 жылғы түлектері де ауылға сүйіспеншіліктерін білдіріп, туған жерлерін көркейтуге атсалысып отыр. Барша аудан тұрғындарының атынан сіздерге алғысымызды білдіріп, 10 жылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын»– деген аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров мектеп түлектеріне алғыс хат табыстады.
Шетпе селосының әкімі Мұхтар Мүтәллапов игі істердің ұйытқысы болған Тәуелсіздіктің құрдастарына ризашылығын білдіріп, жаңа қоғамдық орын халықтың игілігіне жарайтынына сенімділік білдірді.
–Мектеп бітіргенімізге 10 жыл толуына орай түлектердің барлығының бірлесе ақылдасуымен ауылға әлемдегі ең танымал қалалардан бастау алып, біздің елде жалғасқан тәжірибені жүзеге асыруды жөн деп таптық.
Біздің облысымыздағы қала мен ауылдарда да белең алған игі үрдісті жалғастыруымызға аудан әкімдігі қолдау көрсетті. «Мен өз ауылымды сүйемін» жазуы аудан жастарын елжандылыққа, туған жерін қастерлеуге үндейді деген сенімдемін,– деді Нұн Жұбаев мектебінің 2008 жылғы түлегі Балғабек Наурызбаев.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему