Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 28/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Ноября, 23:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

18 Мая 2018 (09:37) | 2234 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К.Сакеевтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді. Жиынға бейне селекторлық режимінде қала, аудан әкімдері қатысты.

 

 

Мәжілістің күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар: «Каспий теңізі жағалауында орналасқан жағажай, демалыс базаларындағы судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі», «Өрт қауіпті кезеңдегі Маңғыстау облысы аумағында өрт қауіпсіздігін сақтауға арналған дайындық шаралары туралы мәселесі».

 

 

Бірінші сұрақ бойынша отырыста слайдтық көрсетіліммен Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары Мұханбетов Манарбек Хамидоллаұлы өз баяндамасында Каспий теңізінде 2017 жыл барысында орындалған шаралар мен судағы болған жағдайларды атап өтіп, аталып өткен жағдайларды болдырмауға бағытталған алдын алу кешенді іс-шараларына тоқталып кетті.

 

Екінші мәселе бойынша Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары  Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы 2017 жылы облыс көлемінде орын алған дала өрттері, дайындық шаралары туралы айтып, алдағы уақытта мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері жоқ елді-мекендерде жергілікті атқарушы органдардың өрт бекеттерін ашуды жандандыруды, космостық талдау жасауды еңгізуге аса көңіл бөлудің қажеттігі туралы баяндады.

 

 

-Комиссия төрағасымен қала және аудан әкімдеріне, мекемелер мен басқарма басшыларына, жағажайлар мен демалыс базаларының иелелеріне суға шомылу және өрт қауіпті кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нақты тапсырмалар берілді,- деп хабарлайды біздің басылымға бұл ақпаратты жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему