Ақтау қаласының тұрғындарын «Қауіпсіз қала» акциясын қолдауға шақырады
10 Января 2020 (10:41) | 1744 | Автор: Нурганым Имашева
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ағымдағы жылдың 8-15 қаңтар аралығында «Jas Otan» ЖҚ МОФ, Төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Ақтау қаласы бойынша барлық жерде ашық тұрған люктерге және улы газ датчиктері құрылғыларының жағдайына мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акциясы өтеді».
-Сіз де, қаламыздың қауіпсіз болуына өз үлесіңізді қоса аласыз! Тұрып жатқан мекен-жайыңыздың аумағында немесе жүру жолдарында ашық тұрған люктерді байқасаңыз 109 немесе 87026755869 ват-сап номеріне фото және бейне материалдарыңызды жолдауыңызды өтінеміз,-дейді аталмыш акцияны ұйымдастырушылар.
Сурет factum.kz сайттарынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему