Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында маңғыстаулық өрт сөндірушілер Ант қабылдады
7 Мая 2018 (10:56) | 2407 | Автор: Нурганым Имашева
-Жеңіс күні қарсаңында, Маңғыстау облысы бойынша өрт сөндірушілерді кәсіби даярлау мектебін тәмәмдаған өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті, -деп хабарлайды біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері саптық қатармен тұрғызылды. Қадам баса отырып, салтанатты тыныштықта ту тобы жүріп өтті және әрбір қатысушы мен қонақ бұл сәтте жағдайдың тарихи маңыздылығын сезінді.
Бұл жолы кез-келген жағдайда отпен күресуге дайын 27 өрт сөндіруші Ант қабылдады. Жылдағы дәстүрге сай, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері салтанатты жағдайда серт берді. Салтанатты сәтті 6656 ә/б үрмелі аспаптар оркестрі сүйемелдеді.
Жеке құрам мен салтанатты жиынға қатысушы қонақтарға МО ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы құттықтау сөзін арнады:
-Тек қана ең жігерлі, ер мінезді және сенімділер құтқарушының қызметіне өз өмірін арнайды. Біздің құтқару қызметінің ұраны «Абырой мен міндет – Отан қызметіне!» деп бекер таңдалмаған.
Сіздердің әрқайсысыңыз өз өміріңізде осы сөздерді мүлтіксіз есте сақтайтындарыңызға нық сенімдімін.
Сондай-ақ жас буын алдында ТЖ бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы өртке қарсы қызметінің ардагері Муханов Сейтмолда сөз сөйледі. Ол шын көңілмен жаңа буын өрт сөндірушілерді құттықтап, кәсіби қызметте табыстар тіледі , яғни, абыройлы, жоғары және құрметті атақ–Құтқарушы атағын иеленуге тілектестігін білдірді.
Суреттерді түсірген Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему