Қарақия ауданы әкімдігінде құрылған жұмыс тобы сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді
20 Апреля 2018 (17:08) | 2361 | Автор: Нурганым Имашева
Ресейдің Кемерово қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталығында орын алған өрт нәтижесінде 60-тан астам адамның қаза болуына байланысты аудан көлеміндегі жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмайтын Қарақия ауданының елді мекендеріндегі орналасқан сауда-саттық объектілерін тексеріп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарақия ауданы әкімдігінен жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобына кірген Аудан әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар бөлімі, кірістер басқармасы, село әкімшілігінің қызметкерлерімен күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Үгіт-насихат барысында өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы және алдын-алу жөнінде сауда орындарында сенбілік жүргізіліп, кемшіліктер анықталған сауда объектілерінің басшыларына қатаң ескертулер айтылып, жаднамалар таратылды.
Бұл туралы біздің басылымға Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Елшібаев Данияр хабарлады.
Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему