«Үздік ауыл әкімі»
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 04:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Үздік ауыл әкімі»

8 Августа 2020 (15:35) | 1701 | Автор: Нурганым Имашева

Республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы анықталды!

 

 

Еліміздің аумағында «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес, «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы (әрі қарай – Байқау) өткізілуде.

 

Аталған Байқаудың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

 

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жариялағанымыздай, өңірімізден конкурсқа қатысуға ниет білдірген 13 үміткердің ішінен, Байқаудың әңгімелесу кезеңіне 4 ауыл әкімдері жіберілген болатын.

 

2020 жылдың 29 шілдесінде өткізілген өңірлік комиссия отырысында, үміткерлерге қатысты әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметіне жүргізілген бағалауы мен жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында (онлайн дауыс беру арқылы) жүргізілген сауалнама нәтижесін, «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта жазылған эсселерін, елімізде болып жатқан COVID-19 пандемиясына қарсы атқарып жатқан іс-шараларын зерделей келе, онлайн форматында үміткерлермен әңгімелесу өткізілді.

 

Нәтижесінде өңірлік комиссияның басым көпшілік дауысымен өңірлік деңгейде Түпқараған ауданы, С.Шапағатов ауылдық округінің әкімі Нұржаубай Ғабиден Өтелгенұлының кандидатурасы құпталып, оны Республикалық деңгейде өткізілетін Байқаудың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылданды.

 

Сонымен бірге, Өңірлік комиссия мүшелері Байқауға қатысуға белсенділік танытқан Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының әкімі С.Калаубаевтың, Маңғыстау ауданына қарысты Ақшымырау ауылының әкімі А.Шамгулов пен Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі А.Койсариннің жоғары тұрған басшыларының атына қолданыстағы заң талаптарына сәйкес көтермелеу жөнінде хат жолдауға ұсыныс білдірді.

 

Жерлесіміз Нұржаубай Ғабиден Өтелгенұлына Байқаудың II – Республикалық кезеңінде топ жаруына тілек білдіреміз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему