Ақтау халықаралық әуежайында Ақтау-Дубай жаңа әуе қатынасы ашылады
14 Марта 2018 (09:37) | 1815 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының БАӘ-ге іссапары аясында Ақтау мен Дубай арасындағы жаңа әуе қатынасы туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатта Маңғыстау облысы мен Дубай қаласы / БАӘ арасында байланыс орнату және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау көрсетілген. Fly Dubai 2018 жылдың қазан айынан бастап 2018/2019 маусымына жоспарланған жаңа Дубай-Ақтау-Дубай рейсін ашады. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ тиісті әуежай мен жердегі қызметтерді ұйымдастыруға, сондай-ақ тиімді баға саясатына қолдау көрсетеді.
Тараптардың айтуынша, жаңа әуе қатынасы БАӘ-ге Қазақстаннан және шекаралас елдерден (Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан) баратын туристердің саны өседі және Ақтау халықаралық әуежайы арқылы транзиттік жолаушылар саны артады деп күтілуде.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему