Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының мамандары жемқорлықпен күрес бағытындағы мәселелерді талқылады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының мамандары жемқорлықпен күрес бағытындағы мәселелерді талқылады

28 Января 2018 (14:47) | 3171 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясымен бірігіп «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты бірыңғай сағатын өткізді.

 

 

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бірқатар мәселелер талқыланды.

 

Шарада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары – Амантурлыев Жаңабай Нетебайұлы сөз алған кезде:

 

- Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде орын алуда, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

 

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.

 

 Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

 

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі -сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

 

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.

 

Жемқорлықты жеңу - Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

 

Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген се­нім­ді сетінеттін ұлттық қауіп­сіз­­ді­к­ке төнген тікелей қатер ретінде атап көрсетті.

 

Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресу емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз.

 

 

Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты  кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады,- деп атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары  Марқабаев Бердібек Әбдірзақұлы шара барысында жиыға қаысушыларға  арнаған сөзінде: «ҚР Президенті 2018 жылы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және Заңның үстемдігі» тоғызыншы бағыты аясында бүгін жиын өткізіп отырмыз.

 

ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – реформаны  жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 13 қадамында ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ туралы айтылған.

 

Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті, мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.  Заң бойынша алушыға ғана емес, берушіге де жауапкершілік қаралғандыңын ескерткім келеді.

 

Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алудағы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық түрлері, оның жолын кесу жолдары, негізгі ұстанымдары мен нормативтік актілер туралы айтылып, тек Заң аясында қызмет  жасауды айтып келеміз.

 

ҚР Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін, мемлекеттік қызмет бабын асыра пайдаланудан аулақ болу. Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметті уақытында, сапалы жүргізу және басқа да мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды сақтау керектігін ай сайын жиналыс өткізіп айтып келеміз.

 

Көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, лауазымды азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

 

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қаратына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз»- деп мәлімдеді.

 

Жиын соңында шараға қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы, оны қалай жүргізу тиімділігі туралы сұрақтар қойылып, мамандардың ой-пікірлері мен жауаптары тыңдалды.

 

Суреттерді түсірген: ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему