Жаңаөзендік ата-ана балалар нейрохирургіне алғыс жолдады
16 Декабря 2018 (16:14) | 3027 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Ербол Кенжеваловқа Жаңаөзен қаласының тұрғынынан алғыс хат келді. Әйгерім Асанованың айтуынша, екі жаар ұлы Ерік Алижан желтоқсан айының алғашқы аптасында Жаңаөзен қалалық ауруханасына ауыр халде түскен. Ерікке алғашқы медициналық көмекті рениматолог-дәрігер Мереке Бекбаев көрсеткен.
-Ұлымның ауыр жағдайын көрген дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін Маңғыстау облыстық ауруханасынан білікті дәрігер Ербол Кенжеваловты шақырды.
Ұлымның жағдайымен танысқаннан кейін дәорігерлер Ербол Кенжеваловтың қатысуымен ота жасауға шешім қабылдады. Ота сәтті аяқталды. Екі күннен кейін ұлымды облыстық балалар ауруханасына ауыстырды. Бір аптадай уақыт ұлымды облыстық дәрігерлер қарады.
Қазіргі таңда ұлымның жағдайы жақсы. «Алтын» қолы үшін өз ісінің маманы, білікті дәрігер Ербол Кенжеваловқа отбасымның атынан алғыс айтамын. Еңбегіне табыс, деніне саулық, отбасына береке мен бірлік тілеймін,-дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Әйгерім Асанова.
Алғыс хатты біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
Суретті түсірген Әйгерім Асанова
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему